Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 30 тамыз 2026 $ 463,8 537,1 5,38
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • «Басып кет»: Алматыда құжатсыз көлік басқарған жасөспірімдер ұсталды

    «Басып кет»: Алматыда құжатсыз көлік басқарған жасөспірімдер ұсталды

    Фото: inbusiness.kz

    Әлеуметтік желіде көлікті құжатсыз басқарып, жол ережелерін өрескел бұзған жасөспірімдердің бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Жас жүргізушілер өз іс-әрекеттерін видеоға түсірген. Бейнежазбада жасөспірімдердің бірі адамды «басып кет» деп айқайлайды.

    «Басып кет» деген көңілді нотада Алматыны аралап, 10 сынып оқушысы Mercedes-Benz көлігін басқарған. Ол енді Kia Rio көлігін айдап жүр. Оның анасы баласының не істеп жүргенінен хабардар секілді», — делінген жазбада.

    Аталған жағдайға байланысты Алматы қаласының Полиция департаменті түсініктеме берді.

    «Көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адамдардың көлік жүргізу фактісі бойынша жергілікті полиция қызметкерлері құқық бұзушыларға қатысты шара қолданды: ӘҚБтК-нің 612-бабы бойынша әкімшілік іс жүргізу материалы жиналды. Сонымен қатар балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жасөспірімдердің ата-аналары жауапкершілікке тартылды. Ата-аналардың балаларының бос уақытын бақылауы және олардың қандай да бір заңсыз әрекеттерге жол бермеуі өте маңызды», — деп хабарлайды департаменттен.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →