Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 15 тамыз 2026 $ 465,3 536,2 5,61
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті болды Алматы мен облыста жаппай электр жарығы сөнді Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 464,02 теңгеге төмендеді «Емге де ақша берген»: Бетперде киген жігіт 16 жастағы қызға баспана сыйлады Алматыда электр қуатының авариялық өшірілуі: қала қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр Алматы мен Алматы облысында жаппай жарық өшті Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті болды Алматы мен облыста жаппай электр жарығы сөнді Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 464,02 теңгеге төмендеді «Емге де ақша берген»: Бетперде киген жігіт 16 жастағы қызға баспана сыйлады Алматыда электр қуатының авариялық өшірілуі: қала қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр Алматы мен Алматы облысында жаппай жарық өшті

    «Қазақфильмнің» вице-президенті сотталды

    «Қазақфильмнің» вице-президенті сотталды

    Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы» АҚ вице-президенті сотталды, – деп хабарлайды Qazaq.today Антикорға сілтеме жасап. 

    Алматы қаласының Бостандық аудандық соты Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы» АҚ бұрынғы вице-президенті С.С. Жұбандықовқа қатысты үкім шығарды.

    Ол Алматы облысы Іле жағалауындағы «Көшпенділер» киножобасы шеңберінде салынған «Түркістан қаласы» Бутафорлық бекінісін заңсыз іске асыру арқылы, нарықтық құнынан 44 есе төмен бағамен мемлекетке залал келтіре отыра жымқырғаны үшін сотталды.

    Сот үкімімен Жұбандықовқа шартты түрде 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

    Сонымен қатар, активтерді қайтару бойынша жүргізілген жұмыстар жер учаскесі мен бекініс мемлекет меншігіне қайтарылды.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →