Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 15 тамыз 2026 $ 465,3 536,2 5,61
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті болды Алматы мен облыста жаппай электр жарығы сөнді Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 464,02 теңгеге төмендеді «Емге де ақша берген»: Бетперде киген жігіт 16 жастағы қызға баспана сыйлады Алматыда электр қуатының авариялық өшірілуі: қала қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр Алматы мен Алматы облысында жаппай жарық өшті Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті болды Алматы мен облыста жаппай электр жарығы сөнді Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 464,02 теңгеге төмендеді «Емге де ақша берген»: Бетперде киген жігіт 16 жастағы қызға баспана сыйлады Алматыда электр қуатының авариялық өшірілуі: қала қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр Алматы мен Алматы облысында жаппай жарық өшті

    Антикор Алматы метросынан 5 млрд теңгені жымқырғандарды тергеп жатыр

    Антикор Алматы метросынан 5 млрд теңгені жымқырғандарды тергеп жатыр

    Алматы метросындағы қаржы жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлады Бас көлік прокуратурасы.

     

    Соңғы талдау көрсеткендей, «Метрополитен» КМК қызметкерлері локомотивтерге арналған бастапқы резеңке серіппелерді 137 миллион теңгеге көтерілген бағамен сатып алған, – деп жазылған прокуратура хабарламасында.

     

    Бұл тұжырымды метрополитеннің аудиторлық есебі де растады. Осыған байланысты көлік прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді. Оны қазір Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізіп жатыр.

    Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.

    Еске сала кетсек, 2023 жылы метро құрылысына қатысты басқа іс тергелген болатын. Ол сотқа жіберілді. «Метрополитен» мемлекеттік кәсіпорнының бұрынғы басшылығы, сондай-ақ мердігер ұйымдар – «Алматыметроқұрылыс» АҚ және «Автоматтандыру және технологиялар сервисі» ЖШС-ның лауазымды тұлғалары күдікті деп танылды.

    Тергеушілердің айтуынша, күдіктілер Алматы метросының жаңа желісін салу кезінде 5 миллиард теңгені ұрлаған.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →