Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды • Тоқаевтың шақыртуымен Қазақстанға Иордания Королі мен Тәжікстан Президенті келеді • Қазақстан тұщы су қоймаларын қалпына келтіру көлемі бойынша әлемдегі ондыққа кірді • Қазақстандық журналист Талғат Алманов АҚШ-тағы ABC 7 телеарнасының жаңалықтар редакциясын басқарды • Дариға Бадықованың анасы есік көрсетіп, Олжас Абайға төс тартты • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды • Тоқаевтың шақыртуымен Қазақстанға Иордания Королі мен Тәжікстан Президенті келеді • Қазақстан тұщы су қоймаларын қалпына келтіру көлемі бойынша әлемдегі ондыққа кірді • Қазақстандық журналист Талғат Алманов АҚШ-тағы ABC 7 телеарнасының жаңалықтар редакциясын басқарды • Дариға Бадықованың анасы есік көрсетіп, Олжас Абайға төс тартты •

    Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы операциясын бұзған банк қызметкері сотталды

    Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы операциясын бұзған банк қызметкері сотталды

    Астанада сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзу ісіне кедергi жасау бойынша банк қызметкеріне қатысты іс қаралды (Қылмыстық кодекстің 407-бабының 3-бөлігі). Бұл туралы Qazaq Today ақпарат агенттігі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Сот мәліметінше, Б. өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде, сотқа дейінгі тергеуден түскен сауалда танысы туралы мәліметті көрген. Кейін ол танысы К.-ге қоңырау шалып, қылмыстық іс бойынша оның туысына қатысты келіп түскен мәліметтен хабардар еткен.

    «Б-ның (банк қызметкері) әрекеті салдарынан Ұлттық қауіпсіздік органдарының Астана қаласына атыс қаруы мен оқ-дәрілерді жеткізу жолын кесуге бағытталған арнайы операцияның бұзылуына жол берілді.

    Б. өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қызметіне қасақана араласқан. Бұл ұлттық қауіпсіздік органдарының қылмыстық істің алдын алуға бағытталған операциясының жүзеге асуына қауіп төндірді. Сот талқылауы барысында сотталушы кінәсін мойындамады, қорғаушы тарап оны ақтауды сұрады», — делінген хабарламада.

    Сондай-ақ, сотталушының жас балаларының болуы қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде танылған және қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай анықталмаған.

    «Сотталушының кінәсі куәгерлердің айғағымен, сот сараптамалары және мамандардың қорытындысымен дәлелденді. Сот үкімімен Б. 1 жыл мерзімге банк қызметі саласында белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айырыла отырып, 1 жылға бас бостандығы шектелді», — дейді қалалық соттан.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →