Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Талғат Алман АҚШ-тағы ABC 7 телеарнасында басшылық қызметке тағайындалды • «Періште кейіптегі адам»: Продюсер Меруерт Өтекешова туралы әсерлі жазба жариялады • Қазақстан жастар құрамасы Беларусьпен екі жолдастық матч өткізеді • Қазақ жігіті Америкалық телеарнаға басшылық қызметке тағайындалды • Салмақты мұра: Президент «Халықтық құрылыс» жобасы туралы • Жаңа әуе компаниясының 51 пайызы жеке инвесторға берілді: ҚТЖ үлесі азайды • Талғат Алман АҚШ-тағы ABC 7 телеарнасында басшылық қызметке тағайындалды • «Періште кейіптегі адам»: Продюсер Меруерт Өтекешова туралы әсерлі жазба жариялады • Қазақстан жастар құрамасы Беларусьпен екі жолдастық матч өткізеді • Қазақ жігіті Америкалық телеарнаға басшылық қызметке тағайындалды • Салмақты мұра: Президент «Халықтық құрылыс» жобасы туралы • Жаңа әуе компаниясының 51 пайызы жеке инвесторға берілді: ҚТЖ үлесі азайды •

    Өгей атасы 12 жастағы қызды бес ай бойы зорлап келген — Дина Таңсәрі

    Өгей атасы 12 жастағы қызды бес ай бойы зорлап келген — Дина Таңсәрі

    Фото: Pixabay

    Қостанайда 57 жастағы ер адам 12 жасар қыз баланы зорлаған. Бұл туралы НеМолчи қоғамдық қорының Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.

    Ер адам биыл қаңтар айынан бастап жасөспірім қызға жыныстық зорлық-зомбылық көрсетіп келген. Өгей немересін «біреуге айтатын болсаң, шешең екеуіңді оңдырмаймын» деп қорқытып, арам ойын жүзеге асырған.

    «13 сәуірде ер адам кішкентай қызбен пәтерде оңаша қалған. Сол кезде жалаңаштанып шешініп тастаған оны  қыз бала суретке түсіріп үлгірген. Кешкісін анасы жұмыстан келген суретті көрсеткен. Анасы дереу полицияға хабарласқан. Қазір ҚК 121 — бабы 4 – тармағы бойынша тергеу жүріп жатыр», — деп жазылған желідегі хабарламада.

    57 жастағы ер адам қыздың әжесімен 15 жылдан бері тұрады.

    Еске салайық, жаңадан өзгеріс енгізілген әйелдер мен балалардың қауіпсіздігі туралы заңға сәйкес, педофилдерге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →