Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 3 қараша 2026 $ 453,8↑€ 507,5↓₽ 5,63↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасын қабылдады • Щукин Рыбакинаны WTA қорытынды турнирінің фавориті деп атады • КХДР Binance биржасына хакерлік шабуылға қатысы бар деген айыптауды жоққа шығарды • «Сағыныш билеп, сезімге ерік бердім»: Жанель Мақажан ажырасудан кейінгі жағдайын айтты • Надежда Петрова: Қорытынды турнир WTA-ның Индиан-Уэллске ауысуы кімге тиімді • Қостанайда 86 жастағы қария кісі қолынан қаза тапты • Тоқаев «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасын қабылдады • Щукин Рыбакинаны WTA қорытынды турнирінің фавориті деп атады • КХДР Binance биржасына хакерлік шабуылға қатысы бар деген айыптауды жоққа шығарды • «Сағыныш билеп, сезімге ерік бердім»: Жанель Мақажан ажырасудан кейінгі жағдайын айтты • Надежда Петрова: Қорытынды турнир WTA-ның Индиан-Уэллске ауысуы кімге тиімді • Қостанайда 86 жастағы қария кісі қолынан қаза тапты •

    Қостанайда ҚТЖ лауазымды тұлғалары жемқорлық үшін сотталды

    Қостанайда ҚТЖ лауазымды тұлғалары жемқорлық үшін сотталды

    Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков 

    Қостанайда ҚТЖ лауазымды тұлғалары жемқорлық үшін сотталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Бейімбет Майлин ауданының соты «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС филиалының Қостанай пайдалану локомотив депосының бастығы А. Махмутовқа, оның орынбасары Ж. Сырмановқа, жылу технигі Б.Серікұлына және «Қазақстан-ОЭК» СҮ» ЖШС Тобыл станциясының отын қоймасының бастығы К. Елюсиновқа қатысты үкім жариялады.

    Олар ҚТЖ дизель отынын және теміржол кранын жөндеуге бөлінген қаражатты жалпы сомасы 12 млн теңгеге жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

    Махмұтов, Сырманов, Елюсинов 3 жылдан 4 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айыруға, Серікұлы 3 жылға бас бостандығынан шектеуге сотталды.

    Сонымен қатар, сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылады.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →