Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 25 қыркүйек 2026 $ 445,6↓€ 507,0↓₽ 5,25↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Путин Тоқаевқа Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты • Маңғыстау облысында 12 әскери қызметші қаза тапты • Астрологиялық рейтинг: қай жұлдыз белгісі өзі туралы көп айтады • Маңғыстаудағы қаза тапқан сарбаздар отбасыларына 125 миллион теңге көмек беріледі • Қорғаныс министрлігі Маңғыстау облысындағы жаттығуда қаза тапқан әскери қызметшілер туралы ресми ақпарат жариялады • Маңғыстаудағы төтенше жағдай аймағында үкіметтік комиссия жұмысын жалғастыруда • Путин Тоқаевқа Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты • Маңғыстау облысында 12 әскери қызметші қаза тапты • Астрологиялық рейтинг: қай жұлдыз белгісі өзі туралы көп айтады • Маңғыстаудағы қаза тапқан сарбаздар отбасыларына 125 миллион теңге көмек беріледі • Қорғаныс министрлігі Маңғыстау облысындағы жаттығуда қаза тапқан әскери қызметшілер туралы ресми ақпарат жариялады • Маңғыстаудағы төтенше жағдай аймағында үкіметтік комиссия жұмысын жалғастыруда •

    Мемлекет басшысы Қазақстандағы Иран елшілігіне барды

    Мемлекет басшысы Қазақстандағы Иран елшілігіне барды

    Мемлекет басшысы Қазақстандағы Иран елшілігіне барды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Иран Ислам Республикасының елшілігіне барып, Президент Ибрахим Раиси мен Үкімет делегациясы мүшелерінің тікұшақ апаты салдарынан қаза табуына байланысты иран халқына көңіл айтты және қолдау білдірді.

    Президент көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

    – Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раисидің және Үкімет делегациясы мүшелерінің мезгілсіз қазасы туралы қаралы хабар қабырғамызды қайыстырды. Өз ұлтының ұлы перзенті Ибрахим Раиси – Отанына адал қызмет еткен тұғырлы тұлға. Біз оны парасатты басшы, беделді саясаткер, екі елдің ынтымақтастығын нығайтуға зор еңбек сіңірген қайраткер ретінде әрдайым есте сақтаймыз. Қазақ халқының және өзімнің атымнан ирандық бауырларымызға қайғырып көңіл айтамын. Марқұмдардың иманы саламат, рухы пейіште болсын! – деп жазды Мемлекет басшысы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →