Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 14 шілде 2026 $ 474,7 540,9 6,18 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Қаншама қиындық болды»: Жахан Отарғалиев жас келіншегінің көңілін табатын табысқа жеткенін жариялады (ВИДЕО) Азия ойындарына алдын ала құрам айқындалды Шымкентте автокөлік жөндеу бокстары өртенді Шудағы шулы оқиға: 2 адам қалалық аурухананың кәріз құдығында уланып, көз жұмды Табысты тексеру: 114 мың қазақстандыққа мобильді аударымдарға қатысты ескерту жіберілді АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс мұнай бағасын 11 пайызға өсірді «Қаншама қиындық болды»: Жахан Отарғалиев жас келіншегінің көңілін табатын табысқа жеткенін жариялады (ВИДЕО) Азия ойындарына алдын ала құрам айқындалды Шымкентте автокөлік жөндеу бокстары өртенді Шудағы шулы оқиға: 2 адам қалалық аурухананың кәріз құдығында уланып, көз жұмды Табысты тексеру: 114 мың қазақстандыққа мобильді аударымдарға қатысты ескерту жіберілді АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс мұнай бағасын 11 пайызға өсірді

Иранда бес күндік аза тұту жарияланды

Иранда бес күндік аза тұту жарияланды

Иранда бес күндік аза тұту күні жарияланды. Ал оқушылар мен студенттер сабақтан босатылды, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.

Иран президенті Ибрахим Раисидің денесі бейсенбіде, яғни 23 мамырда елдің солтүстік-шығысындағы Мешхед қаласында жер қойнына тапсырылады. М. Мансури сонымен қатар жексенбіде Шығыс Әзірбайжан провинциясында тікұшақ апатынан қаза тапқан И.Раиси мен оны ертіп келген экипаж мүшелеріне жоспарланған аза тұту рәсімдері туралы айтты.

«Әр түрлі провинциялардың тұрғындары аза тұту рәсімдеріне қатысуды сұрағандықтан, Иранның Білім министрлігі сейсенбіден жұмаға дейінгі барлық студенттік емтиханды тоқтатты»,- деді ол

И.Раисиді жерлеу рәсімдері сейсенбіден бейсенбіге дейін Табризде, Кумда, Тегеранда, Бирджендте және Мешхедте өтеді. 23 мамырда кешке президент Мешхедтегі имам Реза кесенесінде жерленеді.

Синьхуа хабарлағандай, Иранның жоғарғы көшбасшысы Аятолла Али Хаменеи дүйсенбіде оқиғаға байланысты бес күндік ұлттық аза тұту туралы жариялады.

Еске салсақ, Иран президенті отырған тікұшақ апаты Шығыс Әзірбайжан провинциясының тауларында (әкімшілік орталығы – Табриз), Әзірбайжанның Нахичеван Автономиялық Республикасымен шекарада орналасқан Джульфа қаласының маңында Тегераннан солтүстік-батысқа қарай 600 шақырым жерде болған еді.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →