Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда Қазақстанды «орыстың елі» деген ер адам 20 тәулікке қамалды • Michelin жұлдызының үш мәрте иегері, француз аспаз Алматының гастрономиялық әлеуетіне баға берді • Қайрат Түнтеков өнерден біржола кетпейтінін айтты • Астана – Петропавл тасжолындағы апаттан зардап шеккен полицей көз жұмды • Тоқаев Network School негізін қалаушы Баладжи Шринивасанды қабылдады • АЕК — «Реал»: Чемпиондар лигасы матчының тікелей трансляциясы • Алматыда Қазақстанды «орыстың елі» деген ер адам 20 тәулікке қамалды • Michelin жұлдызының үш мәрте иегері, француз аспаз Алматының гастрономиялық әлеуетіне баға берді • Қайрат Түнтеков өнерден біржола кетпейтінін айтты • Астана – Петропавл тасжолындағы апаттан зардап шеккен полицей көз жұмды • Тоқаев Network School негізін қалаушы Баладжи Шринивасанды қабылдады • АЕК — «Реал»: Чемпиондар лигасы матчының тікелей трансляциясы •

    Павлодар ауданында үш күн қамауда отырған балалар құтқарылды

    Павлодар ауданында үш күн қамауда отырған балалар құтқарылды

    Фото: Pavlodarnews.kz/Константин Шелков

    Павлодар ауданында үш күн бойы қамауда отырған балалар құтқарылды. Ата-анасы кәмелетке толмаған балаларын сыртқа шығармай, мектепке де жібермеген, деп хабарлады Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше,17 мамырда рейдтік іс-шаралар барысында Павлодар ауданының прокуратурасы тұрмысы нашар отбасын анықтады. Ата-анасы үш күн бойы есікті ішінен жауып алып, үш кәмелетке толмаған баланы үйден шығармаған.

    «Отбасы бірнеше күн бойы ішімдік ішіп, балаларды үйде ұстағаны, мектепке және далаға шығармағаны анықталды. Қабылданған шаралармен Павлодар ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдарымен, білім беру бөлімімен, полиция бөлімімен, денсаулық сақтау бөлімімен бірлесіп, балаларды босатты. Оларға алғашқы қажетті көмек көрсетілді», – делінген хабарламада.

    Аудан прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесе отырып профилактикалық іс-шаралар өткізуді жалғастыруда.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →