Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 27 шілде 2026 $ 474,7 539,9 6,07
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтаудағы 9 жасар бала тіс емдеуден кейін ауыр халде жатыр «Қайрат» «Ордабасыны» 2:1 есебімен ұтып, турнир кестесінде басып озды Қазақстанда дүйсенбіде ауа райы қолайсыз: бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды Тоқтаған нарық: пәтер сатылымы неге күрт төмендеді? Дариға Бадықова ‘Соңыра’ фильмін көріп, көз жасын тыя алмады Ұлытау облысының әкімі «Қазақмыс» Тобының өндірістік және әлеуметтік нысандарымен танысты Ақтаудағы 9 жасар бала тіс емдеуден кейін ауыр халде жатыр «Қайрат» «Ордабасыны» 2:1 есебімен ұтып, турнир кестесінде басып озды Қазақстанда дүйсенбіде ауа райы қолайсыз: бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды Тоқтаған нарық: пәтер сатылымы неге күрт төмендеді? Дариға Бадықова ‘Соңыра’ фильмін көріп, көз жасын тыя алмады Ұлытау облысының әкімі «Қазақмыс» Тобының өндірістік және әлеуметтік нысандарымен танысты

    Алматыда қыз зорлаған күзетші сотталды

    Алматыда қыз зорлаған күзетші сотталды

    Фото: stan.kz

    Алмалы аудандық сотында қызды пышақпен қорқытып, зорлады деп айыпталған К-ға катысты қылмыстық іс қаралды. Сот отырысы жабық өтті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Сотталушыға 2 эпизод бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген айып тағылды.

    «2023 жылдың 7 тамызына қараған түні, сотталушы К. қаланың көңіл көтеру орындарының бірінде күзетші болып жұмыс істей отырып, сол түні мекемеге келген жәбірленуші П-мен танысқан. Кейін соталушы жәбірленушінің сеніміне кіріп, үйіне дейін шығарып салуды ұсынған. Үйдің кіреберісіне кірген соң сотталушы бәкісін шығарып жәбірленушіні өлтірем деп қорқытып, зорлаған» деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

    Сондай-ақ сот сотталушы К-ның материалдық жағдайын жақсарту үшін тағы бір қылмыс жасауға ұмтылғанын анықтады.

    «2023 жылдың 9 қарашасында таңертең сотталушы К. түнгі клубқа келіп, кірер есік алдында екі жас жігіттің жанжалын көреді. Кейін жәбірленушіге жақындап, бетінен ұрып, қалтасынан бағалы заттарын шығаруын сұрайды. Жәбірленуші ұялы телефоны мен ақшасын береді» деп атап өтті ведомстводан.

    Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, сараптама қорытындысымен, куәлардың айғақтарымен дәлелденді.

    Сот үкімімен сотталушы К. кінәлі деп танылып, оған 8 жыл 1 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →