Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 455,3↓€ 507,3↓₽ 5,66↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Талғат Орынбасар Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде қола медаль иеленді • Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының президенттері концертке қатысты • Кинодағы зұлымдар неге iPhone ұстамайды? • Блогерлер Карина Оксукпаева мен Арман Юсупов Алматыдағы таунхаусын 224 миллион теңгеге сатпақ • Қарағанды академиясының курсанты кәсіпқой бокс рейтингінде үздік ондыққа енді • Талғат Орынбасар Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде қола жүлде алды • Талғат Орынбасар Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде қола медаль иеленді • Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының президенттері концертке қатысты • Кинодағы зұлымдар неге iPhone ұстамайды? • Блогерлер Карина Оксукпаева мен Арман Юсупов Алматыдағы таунхаусын 224 миллион теңгеге сатпақ • Қарағанды академиясының курсанты кәсіпқой бокс рейтингінде үздік ондыққа енді • Талғат Орынбасар Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде қола жүлде алды •

    Қырғызстанда TikTok бұғатталмақ

    Қырғызстанда TikTok бұғатталмақ
    Фото: detaly.co.il
    Қырғызстанда танымал TikTok желісі бұғатталады. Қырғызстанның цифрлық даму министрлігі жанындағы байланыс саласындағы реттеу және қадағалау қызметі елдің барлық интернет-провайдерлеріне тиісті өкім жолдады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Министрліктің Vesti.kg-ге берген ақпаратына сай, бұл шаралар Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің хаты негізінде қабылданды.

    «Шешім шығаруға TikTok тарапынан «балалардың денсаулығына, олардың физикалық, интеллектуалдық, психикалық, рухани және адамгершілік дамуына зиян келтірудің алдын алу жөніндегі шаралар туралы» Қырғыз Республикасының Заңын сақтамау негіз болды. Заңда Балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпарат түрлері анықталған», — делінген ведомство хабарламасында.

    Айта кетейік, бұл Қырғызстан билігінің әлеуметтік желіге кіруді шектеуге бағытталған алғашқы әрекеті емес.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →