Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 455,3↓€ 507,3↓₽ 5,66↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының президенттері концертке қатысты • Кинодағы зұлымдар неге iPhone ұстамайды? • Блогерлер Карина Оксукпаева мен Арман Юсупов Алматыдағы таунхаусын 224 миллион теңгеге сатпақ • Қарағанды академиясының курсанты кәсіпқой бокс рейтингінде үздік ондыққа енді • Талғат Орынбасар Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде қола жүлде алды • Алтын Шағаева әлем чемпионатының финалына шыға алмады • Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының президенттері концертке қатысты • Кинодағы зұлымдар неге iPhone ұстамайды? • Блогерлер Карина Оксукпаева мен Арман Юсупов Алматыдағы таунхаусын 224 миллион теңгеге сатпақ • Қарағанды академиясының курсанты кәсіпқой бокс рейтингінде үздік ондыққа енді • Талғат Орынбасар Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде қола жүлде алды • Алтын Шағаева әлем чемпионатының финалына шыға алмады •

    Чикагодағы Qazaq center ұйымы су тасқынынан зардап шеккендерге қаржылай көмектеспек

    Чикагодағы Qazaq center ұйымы су тасқынынан зардап шеккендерге қаржылай көмектеспек

    Чикагодағы Qazaq center ұйымы да елге көмек ретінде Gofundme платформасы арқылы қаржылай көмек жинайтынын хабарлады.

    Жиналған қаражаттың 100 пайызы Қазақстанның зардап шеккен аймақтарында жұмыс істеп тұрған, тексерілген ұйымдарға тікелей аударылады. Олар мұқтаж жандарға қол жеткізу үшін өте қиын жағдайда тәулік бойы жұмыс істейді.

    «Қазіргі уақытта Қазақстанның бірнеше аймағында ірі су тасқыны болып жатыр. Көптеген отбасылардың үйі суға кетті немесе қарғын судың салдарынан тұруға жарамсыз болып қалды. Олар енді уақытша баспанадан пана іздеуге мәжбүр. Жағдай өте қиын, шұғыл көмек қажет» — деп жазды Чикагодағы Қазақ Қауымдастығының Орталығы әлеуметтік желідегі парақшасына. 

    Ұйымдастырушылардың айтуынша, қайырымдылық мақсатында жиналған қаражат төмендегі қажеттіліктерді қамтамасыз етуге көмектеседі:

    — Мұқтаж отбасыларға шұғыл тұрғын үй, азық-түлік, таза су және медициналық көмек
    — Барлығын жоғалтқандар үшін көрпе, гигиеналық жиынтық, нәресте керек-жарақтары және т. б.
    — Су тасқыны басылғаннан кейін отбасыларға үйлері мен өмірін қалпына келтіру үшін ұзақ мерзімді көмек.

    «Өз үлесіңізді қосып, осы науқанды мүмкіндігінше желілеріңіз арқылы таратыңыз. Осы алапат су тасқынынан шығу үшін Қазақстан халқы біздің көмегімізге өте мұқтаж. Осы қиын кезеңде мейірімділік пен жанашырлық танытқаныңыз үшін рахмет», — деп жазды Qazaq center ұйымы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →