Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 455,3↓€ 507,3↓₽ 5,66↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Кинодағы зұлымдар неге iPhone ұстамайды? • Блогерлер Карина Оксукпаева мен Арман Юсупов Алматыдағы таунхаусын 224 миллион теңгеге сатпақ • Қарағанды академиясының курсанты кәсіпқой бокс рейтингінде үздік ондыққа енді • Талғат Орынбасар Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде қола жүлде алды • Алтын Шағаева әлем чемпионатының финалына шыға алмады • Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды • Кинодағы зұлымдар неге iPhone ұстамайды? • Блогерлер Карина Оксукпаева мен Арман Юсупов Алматыдағы таунхаусын 224 миллион теңгеге сатпақ • Қарағанды академиясының курсанты кәсіпқой бокс рейтингінде үздік ондыққа енді • Талғат Орынбасар Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде қола жүлде алды • Алтын Шағаева әлем чемпионатының финалына шыға алмады • Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды •

    Орынборда су тасқыны шарықтау шегіне жетті

    Орынборда су тасқыны шарықтау шегіне жетті

    Фото: скрин

    Көрші Ресейде де жағдай әлі күрделі. Бүгін Орынборда су тасқыны шарықтау шегіне жетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Қала арқылы өтетін Жайық өзенінде су деңгейі көтеріліп жатыр. Таңертең 10 метр 69 сантиметрге жетті. Түнде қалаға ұшақпен көпқабатты композитті материалдан жасалған ұзындығы үш метрлік су бөгеттері жеткізілді. Материалы берік әрі тез құрастырылады.

    Бұл бөгеттер су әлі жетпеген көпқабатты тұрғын үйлер, мектептер мен ауруханаларды қорғап қалуы керек. Қорған облысында да жағдай күрделі.

    Түнде Тобыл өзенінің деңгейі 8 сантиметрге көтерілді. Су тасқыны Кузбасс өңіріне де жетті. Кемеров облысында Мрассу өзені арнасынан асып, Усть-Кабырза аулының бір бөлігін су басты.

    Ал 5 сәуірде су бөгеті жарылған Ор қаласында Жайық өзенінде су деңгейі 42 сантиметрге төмендеді. Жалпы қазір Ресейдің 39 аймағында су тасып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →