Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алаяқтар iPhone 18 алдын ала тапсырысын сылтау етіп ақша ұрлаудың жаңа схемасын қолдануда Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Королін құттықтады Астанада 27 жастағы қыздың көлігінен бір келіден астам мефедрон табылды «Жұғысты болсын»: Жігер Ауыпбаевтың жас әйелі жылап қалды Азиада-2026: қазақ спортшысы ушудан алғашқы қола медальді жеңіп алды «Құлағанша күте ме?»: Көкшетаудағы көпірдің жағдайы тұрғындарды алаңдатып отыр Алаяқтар iPhone 18 алдын ала тапсырысын сылтау етіп ақша ұрлаудың жаңа схемасын қолдануда Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Королін құттықтады Астанада 27 жастағы қыздың көлігінен бір келіден астам мефедрон табылды «Жұғысты болсын»: Жігер Ауыпбаевтың жас әйелі жылап қалды Азиада-2026: қазақ спортшысы ушудан алғашқы қола медальді жеңіп алды «Құлағанша күте ме?»: Көкшетаудағы көпірдің жағдайы тұрғындарды алаңдатып отыр

    Түркістан облысында бірнеше рет сотталған жат ағымның өкілі ұсталды

    Түркістан облысында бірнеше рет сотталған жат ағымның өкілі ұсталды

    Түркістан облысында бұрын бірнеше рет сотталған жат ағымның өкілі ұсталды. Бұл туралы Түркістан облысының полиция департаменті хабарлады.

    Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Саховтың айтуынша, ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірігіп, жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде деструктивті діни ағымның жақтаушысы, Жетісай ауданының тұрғынын анықтап, ұстаған.

    «Бұрын бірнеше рет сотталған 58 жастағы ер адам мессенджерде чат құрып, онда радикалды уағызшылардың бейнематериалдарын жариялап, тыйым салынған деструктивті діни ағым идеологиясын насихаттайтын хабарламалар жариялаған», – деді ол.

    Жедел уәкілдер ІІО есебінде тұрған күдіктіні Жетісай қаласынан ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазір күдіктінің тұрғылықты жері бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы енді анықталады.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →