Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алаяқтар iPhone 18 алдын ала тапсырысын сылтау етіп ақша ұрлаудың жаңа схемасын қолдануда Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Королін құттықтады Астанада 27 жастағы қыздың көлігінен бір келіден астам мефедрон табылды «Жұғысты болсын»: Жігер Ауыпбаевтың жас әйелі жылап қалды Азиада-2026: қазақ спортшысы ушудан алғашқы қола медальді жеңіп алды «Құлағанша күте ме?»: Көкшетаудағы көпірдің жағдайы тұрғындарды алаңдатып отыр Алаяқтар iPhone 18 алдын ала тапсырысын сылтау етіп ақша ұрлаудың жаңа схемасын қолдануда Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Королін құттықтады Астанада 27 жастағы қыздың көлігінен бір келіден астам мефедрон табылды «Жұғысты болсын»: Жігер Ауыпбаевтың жас әйелі жылап қалды Азиада-2026: қазақ спортшысы ушудан алғашқы қола медальді жеңіп алды «Құлағанша күте ме?»: Көкшетаудағы көпірдің жағдайы тұрғындарды алаңдатып отыр

    Мұнайлының білім бөлімі бір дана кітапты 42 501 теңгеге сатып алмақ болған

    Мұнайлының білім бөлімі бір дана кітапты 42 501 теңгеге сатып алмақ болған

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Бірыңғай сатып алу терезесі арқылы мониторинг жүргізу барысында Мұнайлы ауданы білім бөлімінің бір дана кітапты 42 501 теңгеге сатып алмақ болғанын анықтады, деп хабарлады Qazaq.today тілшісі.

    Антикордың мәліметінше, аталған мекеме 2024 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспарларында бір көзден сатып алу тәсілімен 5 мың дана кітапты 212,5 млн теңгеге сатып алуды жоспарлаған.

    Департамент тарапынан ұсыным жолданып, бір кітаптың бағасы 42 мың 501 теңгеден 5 мың теңгеге дейін, яғни 8 есе төмендетілді. Осылайша, 187,5 млн теңге бюджет қаражаты үнемделді.

    Еске сала кетсек, тиімсіз сатып алулардың алдын алу арқылы 828 млн теңге көлемінде бюджет қаражаты үнемделген.

    Сондай-ақ Антикор еріктілері бір көзден сатып алу заңдылықтарының бұзылуы бойынша бірнеше фактіні анықтады. Атап айтқанда, лауазымды тұлғалар төтенше жағдай салдарынан болған залалды орнына келтіру барысында тікелей келісімшарт жасаған. Салдарынан мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптары бұзылған.

    «Лауазымды тұлғаларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 207-бабы 11-тармағымен 7 әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалып, соттың шешімімен аталған тұлғалар 1 млн 600 мың теңге айыппұл төледі», – делінген хабарламада.

     

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →