Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады Алматыда полиция баланы қауіпті жағдайдан құтқарды Әділет Зейнелдің анасы: 20 млн теңге — халық жинаған қаражат, мемлекеттік өтемақы емес Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады Алматыда полиция баланы қауіпті жағдайдан құтқарды Әділет Зейнелдің анасы: 20 млн теңге — халық жинаған қаражат, мемлекеттік өтемақы емес

    Шымкентте елімізде теңдесі жоқ мешіт ашылады

    Шымкентте елімізде теңдесі жоқ мешіт ашылады

    12 сәуірде, Ораза айттың үшінші күні Шымкент қаласында елімізде теңдесі жоқ мешіт ашылады. Мешіт Сейітжан қари Есжанұлының атымен аталады.

    Оның ашылу салтанаты сағат 11:00-де басталса, сағат14:00-де алғашқы жұма намаз болады.

    Otyrar.kz-тің хабарлауынша, дұға тілейтін мінәжат үйіне бір мың орынға арналған конгресс-холл, неке қию сарайы, ислам тарихының мұражайы, әйелдер оқу орны, медресе, кітап оқитын залы бар кітапхана, әкімшілік бөлмелер, телеорталық, фитнес орталық пен бір  мың орынға шақталған асхана салынған.

    Мешіт ғимаратына бірден 12 мыңға жуық адам кіре алады. Оның аумағы – 12  гектар. Құлшылық үйінде желдету үшін жазда  залалсыздандыру және  салқындату, қыста жылыту үшін арнайы жабдық арқылы өтетін табиғи ағында ауа қолданылады. Бұл технология Мәскеудегі метроның құрылысында қолданылған.

    Ақ мешіттің құрылысында Қожа Ахмет Ясауи  кесенесін салу кезінде қолданылған ерте кездегі сәулет технологиялары да  ескерілген.

    Мешіттің аумағында автотұрақ та бар. Онда үш деңгейлі жерасты паркингі, лифт, эскалаторлар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған паркинг те  қарастырылған.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →