Басты бет » Алқабилер Бишімбаевқа бұрынғы некелеріне қатысты сұрақ қойды

Алқабилер Бишімбаевқа бұрынғы некелеріне қатысты сұрақ қойды

Фото: Жоғарғы сот

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты кезекті сот процесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. 

Судья Айжан Құлбаева алқабилердің сұрағын оқып берді.

«Сотталушының бұрынғы некелерінде осындай зорлық-зомбылық жағдайлары болды ма?» – деп сұрады судья.

Бишімбаев оған төмендегідей жауап берді.

«Мен екінші некеде 14 жыл тұрдым. Бәлкім, басында ұрыс-керіс болған шығар. Жанжал бастала қалса, мен кетіп қалатынмын. Бірақ Салтанатта олай істей алмадым. Ол кеткенде, мен де кеттім».

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика