Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 3 қараша 2026 $ 453,8↑€ 507,5↓₽ 5,63↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ретриттер әлемі: үнсіздік, қараңғылық және жабайы табиғат сынағы • Қаржы нарығын реттеу агенттігі 11 банкте қарыз жүктемесін тексеруді бастады • 3 қарашада бірнеше облыста тұман, көктайғақ және өрт қаупі сақталады • Алексей Чуркин Нинбодағы әлем чемпионатында төртінші орын алды • 9-11 сынып оқушылары арасында қаржылық сауаттылық олимпиадасы басталды • Қазақстан Әуе қорғаныс күштері екінші Airbus A400M Atlas ұшағын алды • Ретриттер әлемі: үнсіздік, қараңғылық және жабайы табиғат сынағы • Қаржы нарығын реттеу агенттігі 11 банкте қарыз жүктемесін тексеруді бастады • 3 қарашада бірнеше облыста тұман, көктайғақ және өрт қаупі сақталады • Алексей Чуркин Нинбодағы әлем чемпионатында төртінші орын алды • 9-11 сынып оқушылары арасында қаржылық сауаттылық олимпиадасы басталды • Қазақстан Әуе қорғаныс күштері екінші Airbus A400M Atlas ұшағын алды •

    СҚО-да көмекке келген түркістандық құтқарушы қайтыс болды

    СҚО-да көмекке келген түркістандық құтқарушы қайтыс болды

    Фото: СҚО ТЖД Баспасөз қызметі
    Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша қаласына су тасқынымен күреске көмекке келген түркістандық құтқарушы — азаматтық қорғау прапорщигі Бекжан Балданов кенеттен қайтыс болды, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. 

    СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 сәуірге қараған түні 45 жастағы Бекжан Балданов Тайынша қаласындағы аудандық аурухананың реанимация бөліміне түскен. Алайда дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады. Өлімге жіті миокард инфарктісі себеп болған.

    Ер адам Түркістан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Сайран ауданының № 6 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі болып еңбек еткен.

    Бекжан Балданов Тайынша қаласына 1 сәуірде Түркістан облысының күштері мен құралдары тобының құрамында су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге көмек көрсету үшін келді. Сол күні кешке өзін нашар сезініп, кейін ауруханаға түскен. Петропавлдағы ауруханаға жатқызу үшін санавиациямен жеткізілмек болған.

    «Төтенше жағдайлар министрлігі, Төтенше жағдайлар департаменті және Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі командирдің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына, әріптестеріне қайғырып көңіл айтады», — делінген хабарламада.

    Марқұмның денесі туған жеріне жеткізілді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →