Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 23 қараша 2026 $ 456,0↑€ 500,2↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алькарас қорытынды турнирде тұңғыш рет жеңімпаз атанды • Дияр Нұрғожай: Рейтинг — бұл жай ғана сан • Дияр Нұрғожай Шавкат Рахмоновты UFC турнирінің басты жекпе-жегіне ұсынды • Шахматтан әлем чемпионы атағы үшін Гукеш Доммараджу мен Жавохир Синдаров кездеседі • Махачев Усман Нурмагомедов пен Мераб Двалишвили арасындағы төбелеске қатысты пікір білдірді • Селиваненко: Мирра Андреева — маусымның ең жарқын теннисшілерінің бірі • Алькарас қорытынды турнирде тұңғыш рет жеңімпаз атанды • Дияр Нұрғожай: Рейтинг — бұл жай ғана сан • Дияр Нұрғожай Шавкат Рахмоновты UFC турнирінің басты жекпе-жегіне ұсынды • Шахматтан әлем чемпионы атағы үшін Гукеш Доммараджу мен Жавохир Синдаров кездеседі • Махачев Усман Нурмагомедов пен Мераб Двалишвили арасындағы төбелеске қатысты пікір білдірді • Селиваненко: Мирра Андреева — маусымның ең жарқын теннисшілерінің бірі •

    Павлодар облысында үш әкімге сөгіс берілді

    Павлодар облысында үш әкімге сөгіс берілді

    Фото: Pixabay

    Павлодар облысында үш әкімге сөгіс берілді. Бұл туралы аймақ басшысы Асайын Байханов өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Облыс әкімінің айтуынша, бұған дейін осы мәселені талқылау барысында барлық әкімдерге қарды уақтылы шығару және тұрғын үйлерді су басуға жол бермеу үшін жеке бастарымен жауапты екендері ескертілген.

    Су тасқыны жағдайына ерекше назар аударылғанына қарамастан, бірқатар әкім бұл тапсырманы орындамаған және су тасқынына қарсы қажетті іс-шараларды тиісті деңгейде жүргізбеген.

    «Бүгінгі таңда облыс бойынша 14 қауіпті учаске бақылауға алынып, онда 133 адам, 51 бірлік арнайы техника, 35 мотопомпа жұмылдырылды.
    Павлодар мен Тереңкөл аудандарының, сондай-ақ, Ақсу қаласы әкімдерінің жұмысын қанағаттанарлықсыз деп санаймын. Су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізудегі бақылаудың әлсіздігі үшін оларға қатаң сөгіс жарияланды», — деді Асайын Байханов.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →