«56 адам болған». Шымкенттен шыққан жолаушылар автобусы аударылып қалды

Фото: t.me/mchs_altkray

Ресейде Неміс ұлттық округіне қарасты Гришковка ауылы маңында Шымкент-Новосибирск бағытымен келе жатқан жолаушылар автобусы аударылып қалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Оқиғаға автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалуы себеп болған. Автобуста 56 адам болған — екі жүргізуші және 54 жолаушы, оның ішінде үш бала.

Автобус тек аударылған болмаса, жүріп тұр. Оны жүргізушілер Қазақстанға алып кетті. Ал жолаушыларды межелі жеріне жеткізу үшін басқа автобус берілді.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика