Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Президент Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты • Тоқаев 2027 жылғы «Халық құрылысы» бағдарламасын жариялады • Атырауда мектептегі шабуыл үшін жасөспірімге 15 жыл берілді, Сабуров концертіне бойкот жарияланды • Дипфейк банктерді алдап өтті: Қазақстанда жаңа киберқауіп қатері • Sulpak тағы да сынның астында: астаналық тұрғын қорабы зақымдалған iPhone-ды қайтармақ болып, мәселені шеше алмай жүр • Анара Батырханға «Ерен еңбегі үшін» медалі не үшін берілді? Министрлік түсініктеме берді • Президент Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты • Тоқаев 2027 жылғы «Халық құрылысы» бағдарламасын жариялады • Атырауда мектептегі шабуыл үшін жасөспірімге 15 жыл берілді, Сабуров концертіне бойкот жарияланды • Дипфейк банктерді алдап өтті: Қазақстанда жаңа киберқауіп қатері • Sulpak тағы да сынның астында: астаналық тұрғын қорабы зақымдалған iPhone-ды қайтармақ болып, мәселені шеше алмай жүр • Анара Батырханға «Ерен еңбегі үшін» медалі не үшін берілді? Министрлік түсініктеме берді •

    Елімізге өзге елдерден бидай әкелуге тыйым салынады

    Фото: Pixabay

    Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазақстан аумағына автомобиль, су және теміржол көлігімен бидай әкелуге тыйым салуды енгізу туралы» бұйрық әзірледі, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Құжат жобасында ел аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен автокөлік, су көлігі және теміржол арқылы бидай әкелуге 6 айға тыйым салынатыны жазылған.

    Алайда бидайды теміржол көлігімен өндіру және тұтыну мақсатында құс шаруашылығы және ұн тарту кәсіпорындарына әкелуге рұқсат бар. Құжатта көрсетілгендей, осы мақсатта  әкелінген бидай ішкі және сыртқы нарықта сатылымға шығарылмайды.

    «Бұл тыйым Қазақстан аумағынан тыс жерлерде басталатын және аяқталатын теміржол транзиттік тасымалы аясында ел аумағына әкелінетін бидайға әсер етпейді» — делінген бұйрықтың мәтінінде.

    Бұйрық жобасы 2024 жылдың 26 наурызына дейін көпшілік талқысына шығарылған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →