Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы • Елена Рыбакинаның орнына WTA қорытынды турнирінде Марта Костюк ойнайды • Стендап-комикке қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 86,5 мың теңге айыппұл салынды • Головкин Дакарда ХОК президенті Кирсти Ковентримен кездесті • Латвияның «Рига» клубы РФШ-қа қарсы матчқа шығудан бас тартты • Мереке Қалбаева енесінің ұлын қызғанып, психологқа барғанын айтты • Кирилл Ли өмірден өтті: 1990 жылдардағы Алматы сахнасының жұлдызы •

    Лицензиялық турнир: 17 жасар Батырхан Төлеуғалидың алғашқы қарсыласы анықталды

    Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    15-16 наурыз аралығында Қытайдың Тайань қаласында таеквондодан Парижге жолдама тарататын Азия аймақтық іріктеу турнирінде ел намысын қорғайтын 17 жасар отандасымыз Батырхан Төлеуғалидың алғашқы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агентігі.

    Төлеуғали В тобында сынға түседі. Оның қарсыласы 23 жастағы үндістандық спортшы Акшай Худа болмақ, деп жазады kaz.inform.kz.

    В тобы, ширек финал:

    Батырхан Төлеуғали — Акшай Худа (Үндістан, 23 жаста).

    Осанандо Наувал (Индонезия) — Әли Мабрук әл-Мабрук (Сауд Арабиясы).

    А тобында 5 таеквондошы күш сынасып, бір лицензияны сарапқа салады.

    Бір қызығы, Акшай Худа 2017 жылы Атырау қаласында өткен Азия чемпионатында қола жүлдеге (+78 кг) ие болған. Бұған дейін қазақстандық спортшымен кездеспеген.

    Айта кетейік, ертең Қытайдың Тайань қаласында Олимпиадаға лицензия берілетін Азия құрлығының соңғы іріктеу турнирі басталады.

    Алғашқы жарыс күні ерлер 68 кг, 80 кг, ал әйелдер 49 кг, 67 кг дейінгі салмақта жолдамаға таласады. Ұлттық құрама сапынан ертең тек Батырхан Төлеуғали даянгқа шығады. Ертесіне Мария Севостьянова (57 кг), Самирхон Абабакиров (58 кг), Жансель Дениз (+67 кг) өнер көрсетеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →