Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады Самат Смақов «Атырау» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды Ақтау тұрғындары ірі алаяқтық схемасына қатысты ұжымдық өтініш жолдады

    Алматы облысында 12 мыңнан астам шетел азаматы заңсыз тұрып келген

    Фото: Pixabay

    Алматы облысындағы 278 үйде 12 мыңнан астам шетелдік аазматтар тіркелгені анықталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Алматы облысы прокуратурасының мәліметінше аталған үйлердің қатарында тұрғын үйлер мен мекен-жайы жоқ үйлер де болған. Мысалы, Қарасай ауданы Батан ауылындағы үйлердің бірінде 300-ден астам шетелдік азамат тіркелгені белгілі болды.

    «Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 394-бабы (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, үш мың заңсыз көшіп келушінің мемлекеттік қазынаға 79 млн теңге көлемінде салық төлемеу фактілері анықталды, олар бойынша өндіріп алу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, сот шешімі бойынша елден шығарылуға жататын 29 заңсыз көшіп келуші мен қылмыстық құқық бұзушылық жасаған 43 заңсыз көшіп келуші елден шығарылмаған», — деп хабарлады Алматы облысының прокуратурасы.

    Жалпы, тексеріс барысында облыс прокуратурасы көші-қон заңнамасын бұзудың 600-ден астам дерегін анықталып, 17 көші-қон полиция қызметкері тәртіптік жауапқа тартылды.

    Қазіргі уақытта аталған бұзушылықтарды жою жұмыстары жүргізілуде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →