Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақмола облысында «Астана – Көкшетау – Петропавл» автожолында қозғалыс шектелді • Астана – Петропавл тасжолында үш адам қаза тапқан жол апаты болды • Қазақстанда өңделген агроөнім экспорты 3,04 млрд долларға жетті • Қазақстан фехтовальщиктері Азия чемпионатында алтын алды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды • Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының финалында Ресей балуанымен күреседі • Ақмола облысында «Астана – Көкшетау – Петропавл» автожолында қозғалыс шектелді • Астана – Петропавл тасжолында үш адам қаза тапқан жол апаты болды • Қазақстанда өңделген агроөнім экспорты 3,04 млрд долларға жетті • Қазақстан фехтовальщиктері Азия чемпионатында алтын алды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды • Нұрқожа Қайпанов Астанадағы әлем чемпионатының финалында Ресей балуанымен күреседі •

    «Жер учаскесі мен жеңілдік сұрайды»: Қазақстанға шетелден қанша компания көшіп келеді

    Фото: Pixabay

    Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов Үкіметте Қазақстанға қанша компания көшіп жатқанын айтып берді, деп деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

    «Бүгінгі таңда Үкімет шетелдік компанияларды, ірі кәсіпорындарды осында орналастыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Тізімде бізде 30-дан астам елден 400-ге жуық компания бар. Бүгінгі таңда құны 1,5 млрд АҚШ долларынан асатын 41 компания бойынша нақты нәтиже шықты.. Бұл inDriver, Fortescue, TikTok және тағы басқа компаниялар бар. Бүгінгі таңда 37 компания бойынша жұмыс жүргізілді. Әлі қандай компаниялар келетінін нақты айтпаймыз. Жұмыс қорытындысы бойынша қосымша ақпарат ұсынылады, — деді Бауыржан Құдайбергенов Үкіметтегі брифингте сұраққа жауап бере отырып.

    Оның айтуынша, келетін компаниялардың саны көп те, аз да болуы мүмкін.

    «Әр компанияның жұмысы жеке жүргізіледі. Кейбір компаниялар тек жер учаскесін сұрайды, басқалары қазірдің өзінде артықшылықтар, жеңілдіктерге ие. Бұл компаниялардың капиталы шамамен миллиард долларды құрайды, 37 компания! Бірақ әр жолы бұл сан өзгеруі мүмкін. Бірінші кезекте бізге өңдеу өнеркәсібі компаниялары, IT-компаниялар, сондай-ақ тау-кен өндіру саласы компаниялары келіп жатыр, — деп толықтырды Бауыржан Құдайбергенов.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →