Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Барыс» Челябідегі «Трактормен» матчта ұпай алуға ниетті — болжам • «Қайрат» мен «Семей» үшін футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф жеребесі тартылады • «Манчестер Юнайтед» 0:2 есебінен кейін «Романы» 3:2 есебімен жеңді • Қазақстан 38 тауар позициясы бойынша импортты экспорттан 1,8 есе асырды • Сафонов «ПСЖ»-нің «Вильярреалды» 6:0 есебімен жеңген матчындағы бағасын білді • Чемпиондар лигасы: 3 қарашадағы тоғыз матчтың нәтижелері • «Барыс» Челябідегі «Трактормен» матчта ұпай алуға ниетті — болжам • «Қайрат» мен «Семей» үшін футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф жеребесі тартылады • «Манчестер Юнайтед» 0:2 есебінен кейін «Романы» 3:2 есебімен жеңді • Қазақстан 38 тауар позициясы бойынша импортты экспорттан 1,8 есе асырды • Сафонов «ПСЖ»-нің «Вильярреалды» 6:0 есебімен жеңген матчындағы бағасын білді • Чемпиондар лигасы: 3 қарашадағы тоғыз матчтың нәтижелері •

    Қыз зорлады деген күдікпен ұсталған Талдықорған қаласының экс-полиция бастығы сот барысында есінен танып қалды

    Коллаж: Stan.kz

    Талдықорғанда қыз зорлады деген күдікке ілінген полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевқа қатысты сот басталды. Алайда, іс барысында оның денсаулығы сыр беріп, ауруханаға алып кеткен, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

    Іс барысында денсаулығы сыр берген Марат Күштібаевті жедел жәрдем қызметкерлері сот залынан алып кетуге мәжбүр болды. Экс-полиция басқармасының бастығы есінен танып, оны бірнеше адам көтеріп көлікке жеткізді. Қазіргі таңда, әлеуметтік желіде Күштібаевті алып кеткен видео тарады.

    Бұл ақпаратты Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі растады.

    «Сотталушы К.-ны сот отырысы кезінде жедел жәрдеммен алып кеткені туралы ақпаратты растайды. Қазіргі уақытта сотталушы кардиологиялық орталықта дәрігерлердің бақылауында. Осыған байланысты, сот отырысы кейінге қалдырылды» — деп мәлімдеді областық соттың баспасөз қызметі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →