Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 24 қазан 2026 $ 449,2↑€ 503,8↑₽ 5,49↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазгидромет» 24 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Айгүл Иманбаева әкесімен 40 жыл араласпай, қайта қауышқанын айтты • АҚШ-та 76 жастағы әйел бұрынғы күйеуі мен оның сүйіктісін атып өлтірді • Қазақстанның бес облысында жазғы шинамен жүруге шектеу қойылды • Ресей дәрігері: үйленген әйелдер мен аналар ұзағырақ өмір сүреді • Оралда Республика күніне орай «Хан тоғайы» экологиялық саябағы ашылды • «Қазгидромет» 24 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Айгүл Иманбаева әкесімен 40 жыл араласпай, қайта қауышқанын айтты • АҚШ-та 76 жастағы әйел бұрынғы күйеуі мен оның сүйіктісін атып өлтірді • Қазақстанның бес облысында жазғы шинамен жүруге шектеу қойылды • Ресей дәрігері: үйленген әйелдер мен аналар ұзағырақ өмір сүреді • Оралда Республика күніне орай «Хан тоғайы» экологиялық саябағы ашылды •

    Думан Мұхаммедкәрімді азаптау бойынша іс басталды

    Бұл туралы оның адвокаты Жалғас Сапарханова мәлімдеді. Журналист қылмыстық іс бойынша жәбірленуші деп танылды.

    Айта кетейік, ол ұзақ уақыт бойы тергеу изоляторында болды.

    «Жақында маған Алматы облысының арнайы прокуратурасы жүгінді. Думан Мұхаммедкәрімді азаптау бойынша шешім шығарылды. Іс қозғалды және Думан жәбірленуші деп танылды. Біз азаптау ісі бойынша тергеу келесі аптада басталады деп күтеміз», — деді адвокат Сапарханова.

    Думан Мұхаммедкәрім былтыр мәжіліс депутаттығына кандидатурасын ұсынған. Алайда оны кандидат ретінде тіркемеген. Былтыр 19 наурызда өткен мәжіліс сайлауының нәтижесіне қарсылық білдіріп, жұртты жаппай митингіге шақырғаны үшін 25 тәулікке қамалды. Артынша, оны қамау мерзімі тағы ұзартылып, кейін үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тарады. Журналист бірнеше айдан бері түрмеде отыр. Бірнеше рет аштық жариялады.

    Ол 2023 жылдың маусымынан бастап қамауда болды. Оған Мұхтар Әбіләзовпен сұхбаттан кейін «экстремизмді қаржыландырды» деген айып тағылған еді.

    Қазақстандық құқық қорғаушылар журналисті «саяси тұтқындар» тізіміне енгізген.

    Таяуда Human Rights Watch халықаралық ұйымы журналист Думан Мұхаммедкәрімге қарсы істі тоқтатуға шақырған еді.

    Дереккөз: Ulysmedia 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →