Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 29 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Құдай үйіндегі қылмыс: Алматыда намазханның мешіттен телефон ұрлаған сәті видеоға түсіп қалды • Орталық коммуникациялар қызметінің бұрынғы модераторы Қорғаныс министірінің кеңесшісі болды • «Бурабайды бөліп алды ма?»: Орманды қоршап, құрылыс бастағандар халықтың ашуын тудырды • Қалдықты бөлек жинаудан қайта пайдалануға дейін: Алматыда қалдықтарды өңдеу жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр • Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді • Ризабек Айтмұқан Олимпиада чемпионы Абдулрашид Садулаевтан жеңіліп қалды • Құдай үйіндегі қылмыс: Алматыда намазханның мешіттен телефон ұрлаған сәті видеоға түсіп қалды • Орталық коммуникациялар қызметінің бұрынғы модераторы Қорғаныс министірінің кеңесшісі болды • «Бурабайды бөліп алды ма?»: Орманды қоршап, құрылыс бастағандар халықтың ашуын тудырды • Қалдықты бөлек жинаудан қайта пайдалануға дейін: Алматыда қалдықтарды өңдеу жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр • Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді • Ризабек Айтмұқан Олимпиада чемпионы Абдулрашид Садулаевтан жеңіліп қалды •

    Қырғызстанда қайтқан адамды кремациялауға рұқсат берілді

    Фото: pixabay

    Қырғызстанда крематорийлер салынады. Олар тек қалаларда жұмыс істейді және бұл тәсілді мемлекеттік органдар арқылы ғана қолдануға болады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

    Қырғызстан парламентінің депутаты Марлен Маматалиев елде мемлекеттік крематорийлер салынатынын айтты. Марқұмды өртеу керек деген пікірді қолдайтындар аз емес.

    Мұндай мекемелерді салу туралы тармақ «Жерлеу және жерлеу ісі туралы» заңда бар.

    «Қазір бұл заңда белгілі бір дін өкілдерін кремациялау мүмкіндігі қарастырылған. Крематорийлер түрлі аурудан өлген жануарларға да арналған. Қазір олардың мәйіттері қарапайым қоқысқа лақтырылуда», — деді Марлен Маматалиев.

    Депутат крематорийлер үкімет қаржысына Қырғызстан қалаларында ғана салынатынын айтты.

    «Кремациялау жұмыстарын қатаң түрде тиісті органдар жүзеге асырады. Туыстары растау құжаттарын көрсетуі керек. Кім қаласа, сол жасай салатындай оңай нәрсе болмайды», — деді Маматалиев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →