Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 23 қараша 2026 $ 456,0↑€ 500,2↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    QazCopyright: 2027 жылдан бастап кафе, мейрамхана, барлар цифрлық платформаға қосылады • «Қазір өзінше болып кеткен»: Желіде Қайрат пен Жұлдыздың ескі видеосы тарады • Тоқаев Президенттік орталықты Президент архивіне біріктіру туралы жарлыққа қол қойды • Елімізде жас ғалымдарды қолдау күшейіп, ғылыми әлеует артып келеді • Ақтөбеде шенеунік екінші рет сотталып кетті • Қызылордада жігіт қыздарға араша түсемін деп пышақ жарақатын алды • QazCopyright: 2027 жылдан бастап кафе, мейрамхана, барлар цифрлық платформаға қосылады • «Қазір өзінше болып кеткен»: Желіде Қайрат пен Жұлдыздың ескі видеосы тарады • Тоқаев Президенттік орталықты Президент архивіне біріктіру туралы жарлыққа қол қойды • Елімізде жас ғалымдарды қолдау күшейіп, ғылыми әлеует артып келеді • Ақтөбеде шенеунік екінші рет сотталып кетті • Қызылордада жігіт қыздарға араша түсемін деп пышақ жарақатын алды •

    «Патриоттық рухты көтеру»: елдегі ең алып ту көкке көтеріледі

     Биыл тұңғыш рет кең ауқымда тойланатын Республика күніне орай елдегі ең үлкен байрақ көкке көтерілмек. Аспанда ұшырылатын көк тудың көлемі футбол алаңындай болады. 800 шаршы метрге жететін тудың ұшырылуын халық Іле Алатауының баурайынан байқай алады.  «Ашық аспан» акциясы атты іс-шара барысында ту 3000 метр биіктікке тікұшақ арқылы көтерілді. Кейін туды парашюттен әлем рекордсменінің бастауымен арнайы топ тікұшақтан секіру арқылы көкте қалықтатады.

    «Астананың басты ту бағанасында ілінген тудың ауданы 450 шаршы метрге тең. Осы жолы көкте қалықтайтын тудың көлемі 800 шаршы метр. Байрақ Республика күніне орай арнайы әзірленген. Алып байрақты көкке алып ұшудың нәтижесі Қазақстанның рекордтар кітабына енеді. Тумен секірудің биіктігі 3 шақырымды құрайды. Шараны ұйымдастырудың басты мақсаты — барлық қазақстандықтардың патриоттық рухын нығайту, сондай-ақ ұлт болып бөлінбей, бір-біріне деген толерантты қарым-қатынас пен бейбіт аспан концепциясын қолдау болып табылады», — деді шараның ұйымдастырушы Альмира Марден.

    Іс-шараның басты ұраны — «Ашық Аспан», яғни қазақстандықтардың тұтастығын, бейбіт аспан астындағы тыныш өмірдің идеясын қамтиды. Одан бөлек бейбітшілікті сақтау мен Қазақстан Республикасы тұрғындарының әл-ауқатын одан әрі арттыруды білдіреді. Мерекелік шара  22 -қазанда Алматы облысының Байсерке  аэдоромында өтеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →