Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 14 шілде 2026 $ 474,7 540,9 6,18 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Абыройымды төккің келеді»: танымал әзілкеш Мейрамбек Бесбаевтың қорқақ екенін жайып салды (ВИДЕО) Айбек Барысов: барлық балабақшаны қазақ тіліне көшіру керек «Жүрегім тарсылдап тұр»: Айгүл Иманбаева ота жасатуға мәжбүр екенін айтты (ВИДЕО) БҰҰ АҚШ президенті Трамптың 20% алым шешімін айыптады Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен кездесіп, көңіл айтты Дани Ольмодан Мбаппеге дейін: ӘЧ-2026 жартылай финалистерінің Қазақстанда ойнағандары кімдер? «Абыройымды төккің келеді»: танымал әзілкеш Мейрамбек Бесбаевтың қорқақ екенін жайып салды (ВИДЕО) Айбек Барысов: барлық балабақшаны қазақ тіліне көшіру керек «Жүрегім тарсылдап тұр»: Айгүл Иманбаева ота жасатуға мәжбүр екенін айтты (ВИДЕО) БҰҰ АҚШ президенті Трамптың 20% алым шешімін айыптады Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен кездесіп, көңіл айтты Дани Ольмодан Мбаппеге дейін: ӘЧ-2026 жартылай финалистерінің Қазақстанда ойнағандары кімдер?

Ақмола облысында бірнеше әскери қызметші сотталды

Фото: Pixabay
Ақмола гарнизоны әскери сотында аса ірі көлемде жанар-жағармай ұрлады деп айыпталған Ұлттық ұланның бес әскери қызметшісіне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.
Сот анықтағандай, 2019-2022 жылдар аралығында 4 әскери қызметші өздерінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, жалпы құны 448 млн теңге болатын әскери бөлімнің отынын жымқырған. Ұрланған отынды жеке тұлғаларға өткізген.
«Тағы бір сотталушы қызметіне салғырт қараған, салдары ауыр зардаптарға алып келді. Әскери бөлімнің бүкіл отын қызметінің жұмысына бақылаудың болмауынан мемлекетке материалдық залал келген», — деп хабарлады әскери сотта.
Сот айыпталушылардың барлығын кінәлі деп таныды. 4 әскери қызметші 9дан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
«А» есімді сотталушы қызметіне салғырт қарау салдарынан ауыр зардаптарға әкелгені үшін кінәлі деп танылды. Ол 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды», — делінген сот хабарламасында.
Сотталғандардан ортақ тәртіпте келтірілген материалдық залал өндірілді.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →