Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 15 қараша 2026 $ 444,6↓€ 490,1↓₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Панда» Серик Мусадилов АҚШ-тағы өмірі мен рингке оралу жоспарын айтты • Қазақстандық шахматшылар 13 жылдан кейін әлем чемпионатында алтын мен қола алды • Петухов «Барыс» — «Металлург» матчына болжам жасады • Самоделкина АҚШ-тағы Гран-при кезеңінде қысқа бағдарламада 11-орынға тұрақтады • Теңге дүниеге келген күн: Ұлттық валютаның тарихы мен қорғаныс жүйесі • Тоқаев Махмұд Аббасты Палестинаның Тәуелсіздік күнімен құттықтады • «Панда» Серик Мусадилов АҚШ-тағы өмірі мен рингке оралу жоспарын айтты • Қазақстандық шахматшылар 13 жылдан кейін әлем чемпионатында алтын мен қола алды • Петухов «Барыс» — «Металлург» матчына болжам жасады • Самоделкина АҚШ-тағы Гран-при кезеңінде қысқа бағдарламада 11-орынға тұрақтады • Теңге дүниеге келген күн: Ұлттық валютаның тарихы мен қорғаныс жүйесі • Тоқаев Махмұд Аббасты Палестинаның Тәуелсіздік күнімен құттықтады •

    Тоқаев Ильхам Әлиевті сайлаудағы жеңісімен құттықтады

    Фото: Ақорда 

    Қазақстан мен Әзербайжан президенттері телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Әзербайжан Республикасының Президенті лауазымына кезектен тыс өткен сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады.

    Мемлекет басшысы сайлаудағы дауыс беру қорытындысы Ильхам Әлиевтің Әзербайжанды одан әрі нығайтуға, елдің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын қамтамасыз етуге және мемлекеттің халықаралық аренадағы беделін арттыруға бағытталған стратегиялық бағдары мен ауқымды реформалары бүкілхалықтық қолдауға ие болғанын анық көрсеткенін атап өтті.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің әзербайжан халқының игілігі мен дамуы үшін қолға алған барлық жоспарының табысты орындалуына тілектестік білдірді.

    Өз кезегінде Әзербайжан Президенті құттықтағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, бауырлас Қазақстанмен арадағы ғасырлар бойы қалыптасқан достық, стратегиялық серіктестік және одақтастық рухындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдете беруге ниетті екенін растады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →