Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дариға Бадықова бала кезіндегі жоқшылықты еске алып, көзіне жас алды • Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы АҚШ визасы үшін Қазақстанға қайта келеді • Желіде Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның бірге түскен видеосы тарады • Соболенко Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінен бас тартуына пікір білдірді • Нәзира Байырбекова некесін бұзғанын мәлімдеді • Шымкентте «Ордабасының» чемпиондық жеңісіне арналған мерекелік кеш өтті • Дариға Бадықова бала кезіндегі жоқшылықты еске алып, көзіне жас алды • Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы АҚШ визасы үшін Қазақстанға қайта келеді • Желіде Дархан Мұсаев пен Аймира Аманның бірге түскен видеосы тарады • Соболенко Рыбакинаның WTA қорытынды турнирінен бас тартуына пікір білдірді • Нәзира Байырбекова некесін бұзғанын мәлімдеді • Шымкентте «Ордабасының» чемпиондық жеңісіне арналған мерекелік кеш өтті •

    Атырау облысында қатты жел бірнеше нысанның шатырын ұшырды

    Фото: Pixabay
    Атырау облысында қатты желдің салдарынан қонақүй мен жатақхананың, көпқабатты тұрғын үйдің шатыры ұшып кетті. «Нива» көлігі бүлінді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, кешегі қатты желден бірнеше нысан бүлінген.

    «Кеше, 6 ақпанда екпіні секундына 16-20 метрге жеткен қатты жел соқты. Соның салдарынан Атырау қаласындағы солтүстік өндірістік аймақ аумағында орналасқан «Сұлтан» қонақүйінің шатыры ұшып кетті. Бүлінген шатырдың жалпы ауданы — 912 шаршы метр. Ұшқан шатыр «Нива» маркалы автокөлігін басып қалды. Оқиға орнында жедел құтқару жасағының 6 құтқарушысы мен 1 техника жұмылдырылды», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

    Сондай-ақ Жылыой ауданындағы «Теңіз» кен орнында орналасқан «Vaterans» кэмп-жатақханасының шатыры ұшқан. Сол күні Атырау қаласында көпқабатты тұрғын үйдің де шатыры бүлінген. Бұл үй Балықшы шағын ауданындағы А.Құнанбаев көшесінде орналасқан.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →