Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 30 қыркүйек 2026 $ 441,2↓€ 501,3↓₽ 5,22↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шетелде қылмыс жасаған қазақстандықты қай ел соттайды? ІІМ түсіндірді • «Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақмола облысында сәби көз жұмды • Көкшетауда ЖК тұрғындары екі жылдан бері жол мен жарық күтіп жүр • Астанада Zeekr мен автобус соқтығысып, төрт адам ауруханаға жеткізілді (ВИДЕО) • Дзюдошы Елдос Сметов 2026 жылғы Азиаданың финалына өтті • Өзбекстанда бала зорлағандар өмір бойы түрмеде отыратын заң қабылданды • Шетелде қылмыс жасаған қазақстандықты қай ел соттайды? ІІМ түсіндірді • «Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақмола облысында сәби көз жұмды • Көкшетауда ЖК тұрғындары екі жылдан бері жол мен жарық күтіп жүр • Астанада Zeekr мен автобус соқтығысып, төрт адам ауруханаға жеткізілді (ВИДЕО) • Дзюдошы Елдос Сметов 2026 жылғы Азиаданың финалына өтті • Өзбекстанда бала зорлағандар өмір бойы түрмеде отыратын заң қабылданды •

    Атырауда 20 күн сабаққа бармаған оқушының анасына айыппұл салынды

    Атырауда 3-сынып оқушысы 20 күн бойы сабаққа бармаған. Ұлының дәлелсіз сабақтан қалғаны үшін анасына айыппұл салынды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. 

    Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Сотта анықталғандай, құқық бұзушы Ж.-ның ұлы, 3-сынып оқушысы дәлелсіз себептермен 20 күн бойы сабаққа қатыспаған. Оқушының анасы Ж. кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу, оған білім беру, сондай-ақ күтім жасау және күтіп-бағу жөнiндегi мiндеттерiн орындамаған, — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

    Сот отырысында құқық бұзушы Ж. өзінің кінәсін мойындап, әрекетіне өкінетінін білдірген. Сот қаулысымен кәмелетке толмаған баланың анасы кінәлі деп танылды.

    Сот құқық бұзушының жеке басын, отбасылық және материалдық жағдайын, құқық бұзушылықтың сипатын ескере отырып, оған 24 150 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл тағайындады, — деп жазылған хабарламада.

    Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →