Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 23 қазан 2026 $ 448,0↓€ 503,7↓₽ 5,50↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазіргідей құбылмалы әрі бәсекеге толы заманда бей-жай, бейқам отыруға мүлдем болмайды – Президент • Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі ешқашан ұмытылмайды – Қасым-Жомарт Тоқаев • Ауызсу тартамыз деп, кәріз жүйесін жарып жіберді: Қарағандыны нәжіс суы басуда  • Бензин құю кезінде күйіп қалған ақтөбелік жұмысшы көз жұмды • Алматының туристік әлеуеті Сингапурдегі ITB Asia 2026 көрмесінде таныстырылып жатыр • Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметованың туғанына 104 жыл • Қазіргідей құбылмалы әрі бәсекеге толы заманда бей-жай, бейқам отыруға мүлдем болмайды – Президент • Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі ешқашан ұмытылмайды – Қасым-Жомарт Тоқаев • Ауызсу тартамыз деп, кәріз жүйесін жарып жіберді: Қарағандыны нәжіс суы басуда  • Бензин құю кезінде күйіп қалған ақтөбелік жұмысшы көз жұмды • Алматының туристік әлеуеті Сингапурдегі ITB Asia 2026 көрмесінде таныстырылып жатыр • Қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметованың туғанына 104 жыл •

    ArtSport: Алматыдағы спорт секцияларында балаларды бұрын сотталған азаматтар жаттықтырған

    Алматы қаласының прокуратурасы АrtSport бағдарламасына бөлінген қаражатты тексерді. 2021 жылдың мамыр айынан бастап Алматыда бұл бағдарламаны жүзеге асыруға 12,8 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы Халық үні сайты жазды.

    Прокурорлар алдын ала тексеру нәтижесінде бірқатар заңбұзушылықты біліп, бюджет қаражатын жымқыру бойынша қылмыстық схемаларды анықтады. Атап айтқанда, елден тыс жерде, ауруханада болған және секциялар мен үйірмелерге мүлдем қатыспаған 2000-нан астам балаға орындалған жұмыс актілері ұсынылды. Өткізілген сабақтардың саны 5000-нан асады. Ал іс жүзінде АrtSport бағдарламасына тек 935 бала қатысқан.

    Одан бөлек, секциялар мен үйірмелерде бұрын сотталған және түрлі қылмыс үшін жауапқа тартылған 13 жаттықтырушы сабақ берген. Осы ретте еңбек шарттарын жасаспаған, зейнетақы аударымдары жүргізілмеген жаттықтырушылардың өздеріне қатысты да еңбек құқығын бұзуға жол берілген.

    Қалалық прокуратура алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бірқатар материал процестік шешім қабылдау үшін қылмыстық қудалау органдарына берілді.

    Бұдан бөлек, АrtSport платформасының функционалының жұмысында да елеулі олқылықтар анықталды. Ол мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен біріктірілмеген, балалардың дербес деректері қорғалмаған, басқа да кемшіліктер бар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →