Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 461,9 538,0 5,41
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Непал мен Қытай құтқару жұмыстарын қайта бастады: қаза тапқандар саны 550-ден асты Қостанай облысында жасөспірімді өлтірген ер адам 23 жылға сотталды Алматыда жол ережесін бұзған жүргізуші 30 тәулікке қамалды 28 тамызға арналған доллар бағамы жарияланды Ақшаны алма ағаштың түбін жасырған: Павлодарда күзетші кәсіпорынның 25 млн теңгесін ұрлап кеткен (ВИДЕО) Құрылтай төрағасының үш орынбасары сайланды Непал мен Қытай құтқару жұмыстарын қайта бастады: қаза тапқандар саны 550-ден асты Қостанай облысында жасөспірімді өлтірген ер адам 23 жылға сотталды Алматыда жол ережесін бұзған жүргізуші 30 тәулікке қамалды 28 тамызға арналған доллар бағамы жарияланды Ақшаны алма ағаштың түбін жасырған: Павлодарда күзетші кәсіпорынның 25 млн теңгесін ұрлап кеткен (ВИДЕО) Құрылтай төрағасының үш орынбасары сайланды

    Қазақ мектептерінде бірінші сыныпта орыс және ағылшын тілдері оқытылмайтын болды

    Қазақстан мектептерінде бірінші сыныпта бірден үш тіл оқытылмайды. Осылай деп оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

    Министрдің сөзінше, бірінші сыныпта тек қазақ тілі оқытылады. Бала орыс және ағылшын тілін үйренбей тұрып ең алдымен ана тілінде оқып, жаза білуі керек. Министр бірінші сыныпта бірден үш тіл оқыған ауыр болады деп санайды.

    «Екінші сыныптан бастап орыс тілі пәні енгізіледі, үшінші сыныпта ағылшын тілі оқытылады» деді министр.

    Алайда орыс мектебіне баратын бірінші сынып оқушыларына екі пән – орыс және қазақ тілі қатар оқытылады.

    Осыған дейін мектептерде бірінші сыныптан үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілі қатар оқытылатын. Ағылшын тілі пәні бірінші сыныпқа 2012 жылдан бастап енгізілген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →