Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 450,8↓€ 506,2↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысында кроссовер жаяу жүргіншілерді қағып, қылмыстық іс қозғалды • Карлос Адамес Жәнібек Әлімханұлын нокаутқа түсіретінін мәлімдеді • АҚШ-та ер адам бір комбинациямен 50 лотерея билетін сатып алып, 250 мың доллар ұтып алды • 20 жастағы франциялық қыз Қазақстанға бауыр басып, қазақ тілін үйреніп жүр • Канадада жасөспірім ЖИ чат-ботының кеңесімен жартасқа тап болып, құтқарылды • Қазақстанда адам құқықтарын қорғау тетіктері нығайып келеді • Алматы облысында кроссовер жаяу жүргіншілерді қағып, қылмыстық іс қозғалды • Карлос Адамес Жәнібек Әлімханұлын нокаутқа түсіретінін мәлімдеді • АҚШ-та ер адам бір комбинациямен 50 лотерея билетін сатып алып, 250 мың доллар ұтып алды • 20 жастағы франциялық қыз Қазақстанға бауыр басып, қазақ тілін үйреніп жүр • Канадада жасөспірім ЖИ чат-ботының кеңесімен жартасқа тап болып, құтқарылды • Қазақстанда адам құқықтарын қорғау тетіктері нығайып келеді •

    Алматыда қызмет уақытында өрт сөндіруші қаза тапты

    Алматыда екі қабатты жеке тұрғын үйдің шатырын шарпыған өртті сөндіру барысында өрт сөндіруші қаза тапты. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Ведомствоның хабарлауынша, 25 желтоқсанда сағат 16.56-да Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 19 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру есептоптары Қарасай ауданы Көкөзек ауылындағы өртті сөндіруге шықты.

    «Қызметтік борышын атқару кезінде екі қабатты жеке тұрғын үйдің шатырын шарпыған өртті сөндіру барысында 19-МӨСБ бөлімше командирі, азаматтық қорғау аға сержанты Уәли Әділет Аянұлы қайтыс болды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Жедел-тергеу тобы оқиға орнында жұмыс жүргізуде. ТЖМ Әділет Аянұлының туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Ол сауатты, өз ісінің маманы ретінде мәңгі есімізде қалады», — делінген ТЖМ ақпаратында.

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →