Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 23 қазан 2026 $ 448,0↓€ 503,7↓₽ 5,50↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Жезқазған мыс балқыту зауытының қызметкерін «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен марапаттады • Президент Республика күні қарсаңында 129 еңбек ардагерін мемлекеттік наградалармен марапаттады • 14 жастағы қыздың домбыраға алған миллион теңгелік несиесін белгісіз меценат жапты • Салық берешегі 27 000 АЕК-тен асқандар Қазақстаннан шыға алмайды • «ҚазАвтоЖол» үш облыстағы автожолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізді • Астанада түнгі клуб жанында кіші дәрет сындырған ер адам 10 тәулікке қамалды • Тоқаев Жезқазған мыс балқыту зауытының қызметкерін «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен марапаттады • Президент Республика күні қарсаңында 129 еңбек ардагерін мемлекеттік наградалармен марапаттады • 14 жастағы қыздың домбыраға алған миллион теңгелік несиесін белгісіз меценат жапты • Салық берешегі 27 000 АЕК-тен асқандар Қазақстаннан шыға алмайды • «ҚазАвтоЖол» үш облыстағы автожолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізді • Астанада түнгі клуб жанында кіші дәрет сындырған ер адам 10 тәулікке қамалды •

    Өскеменде екі мұғалім кәмелетке толмаған қызбен мектепте жыныстық қатынасқа түспек болған

    Өскемен қаласында мектептің екі мұғалімі мен күзетші жұмыстан қуылды. Кәмелет жасына толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түспек болған екі мұғалім жұмыстан қуылды, – деп жазады inform.kz.

    Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Өскемендегі №30 мектепте екі ер адамның кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түспек болып жатқан видеосы жария болды.  Екі мұғалім де сол білім ордасында жұмыс істейтіні белгілі болды. Екеуі де ішімдік ішкен. Жасөспірім қыздың кім екені әзірге белгісіз.

    «Екі мұғалім мен мектеп күзетшісі қызметінен босатылды. Бейнебақылау камерасының жазбасынан зорлық-зомбылық фактілері байқалмаған. Енді қала мектептеріндегі бақылауды күшейтеміз», – деді Өскемен қалалық білім бөлімінің басшысы Сәуле Алагөзова.

    ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, олар жыныстық қатынасқа түсіп үлгермеген. Заңға сәйкес, ер адамдарды ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →