Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 2 қыркүйек 2026 $ 461,6 535,6 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қант қосылған сусындар асқазан обыры қаупін 2,45 есе арттырады Сәкен Майғазиев жұбайын туған күнімен құттықтады Тараздық қазақ қызы Дубайда жапон жігітімен танысып, махаббат хикаясын бөлісті Роза Әлқожа: Сенім – үлкен қару 2026 жылғы тамызда инфляцияның баяулауы жалғасты Сапалы маман — қауіпсіздік кепілі: «Қазақмыс» қызметкерлері халықаралық еңбек қауіпсіздігі бағдарламасы бойынша оқудан өтті Қант қосылған сусындар асқазан обыры қаупін 2,45 есе арттырады Сәкен Майғазиев жұбайын туған күнімен құттықтады Тараздық қазақ қызы Дубайда жапон жігітімен танысып, махаббат хикаясын бөлісті Роза Әлқожа: Сенім – үлкен қару 2026 жылғы тамызда инфляцияның баяулауы жалғасты Сапалы маман — қауіпсіздік кепілі: «Қазақмыс» қызметкерлері халықаралық еңбек қауіпсіздігі бағдарламасы бойынша оқудан өтті

    Атырау облысында Karabatan мен «Теңізшевройл»-ға 10,7 млрд теңге айыппұл салынды

    Атырау облысының прокуратурасында табиғатты пайдалану субъектілерінің экологиялық заңнама талаптарын сақтауын талдау нәтижелері туралы айтылды.

    «Талдау шеңберінде парниктік газдар квотасынан асып кету, сондай-ақ эмиссияны экологиялық рұқсатсыз жүзеге асыру, жердің рұқсат етілген шығарындылары мен ластану нормативтерінен асып кету фактілері анықталды. Енгізілген прокурорлық қадағалау актілерінің нәтижелері бойынша «Karabatan Utility Solutions» ЖШС және «Теңізшевройл» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деп хабарлады прокуратура.

    Сот компаниялардан мемлекет пайдасына 10,7 млрд теңге өндіріп алуды ұйғарды. Бұған дейін әлеуметтік желілерде Атырау қаласының іргесінде орналасқан «Karabatan Utilities Solution» кәсіпорны аумағында лас көлшік пайда болғаны туралы бейнежазбалар тараған еді. Кейін құзырлы органдар бұл аумақта су ағызуға рұқсат берілмегенін анықтады. Жуырда орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында облыс әкімі Серік Шәпкенов бүгінде кәсіпорын заң бұзушылықтар үшін 7 млрд теңге айыппұл төлегенін айтқан болатын.

    Дереккөз: ulysmedia.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →