Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 14 қазан 2026 $ 448,9↓€ 503,3↑₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ұлан ауданында екі бас ұсақ мал ұрлығы ашылды • Қазақстан металлургияны жаңғыртпаса, стратегиялық өндірістік қуаттан айырылуы мүмкін – сарапшы • «Қатты қуанып тұрмын»: Мөлдір Мұқан бір көліктің құнындай сыйлық алды • Қазақстандықтарды 30 базамен тексермек: енді кім әлеуметтік төлемнен қағылуы мүмкін? • Ақкөлде қоқыс үйіліп жатыр: тұрғындар қаланың тазалығына неге мән бермейді? • Қарағандыда жүргізуші ішіп алып көлік жүргізген • Ұлан ауданында екі бас ұсақ мал ұрлығы ашылды • Қазақстан металлургияны жаңғыртпаса, стратегиялық өндірістік қуаттан айырылуы мүмкін – сарапшы • «Қатты қуанып тұрмын»: Мөлдір Мұқан бір көліктің құнындай сыйлық алды • Қазақстандықтарды 30 базамен тексермек: енді кім әлеуметтік төлемнен қағылуы мүмкін? • Ақкөлде қоқыс үйіліп жатыр: тұрғындар қаланың тазалығына неге мән бермейді? • Қарағандыда жүргізуші ішіп алып көлік жүргізген •

    Маңғыстаудағы ереуіл — сот жұмыскерлердің әрекетін заңсыз деп таныды

    Мекеме жұмысшылары 2023 жылғы 11 желтоқсаннан бастап жұмысты толығымен тоқтатып, ереуілге шыққан. Олар аталған мекеменің өндірістегі материалдық техникалық базасын жаңарту, мекеме жұмысшыларын «КазМұнайГаз» ҰҚ АҚ қосу, еңбек ақы төлеудің бірыңғай жүйесінің тарифімен теңестіру талаптарын қойған.  Алайда, жұмыскерлермен «West Oil Software» ЖШС-нің атына ереуіл өткізілетіні туралы хабарланбаған, яғни ереуіл өткізу ұзақтығы және орындалатын қажетті жұмыстардың ең аз көлемі жөнінде ұсыныстар көрсетілмеген.

    Осылайша, Қарақия аудандық сотына талап қоюшы ««West Oil Software» ЖШС-і жұмыскерлердің ереуілін заңсыз деп тану туралы талап қоюмен жүгінген.

    «West Oil Software» ЖШС-нің Жетібай технологиялық көлік басқармасының қызметінің тоқтауы қауіпті өндірістік обьектілер қатарына жатқызылған.

    Сот шешімімен  «West Oil Software» ЖШС-нің талап қоюы қанағаттандырылып, жұмыскерлердің ереуілі  заңсыз деп танылды.

    Сот шешімі жарияланғаннан кейін тараптарға түсіндірілді. Шешім заңды күшіне енген жоқ.

    Дереккөз: ulysmedia.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →