Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Канадада жасөспірім ЖИ чат-ботының кеңесімен жартасқа тап болып, құтқарылды • Қазақстанда адам құқықтарын қорғау тетіктері нығайып келеді • Абылайхан Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі • «Қарттар үйі» дұрыс шешім»: Бақыт Тұрманның мәлімдемесі жұртты шошытты • «Қазақмыс» Балқашта әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға кірісті • «Бір көшеге ақша бар, қалғанына жоқ па?»: Атырауда жаңа мектеп салынды, бірақ тротуар ұмыт қалған • Канадада жасөспірім ЖИ чат-ботының кеңесімен жартасқа тап болып, құтқарылды • Қазақстанда адам құқықтарын қорғау тетіктері нығайып келеді • Абылайхан Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі • «Қарттар үйі» дұрыс шешім»: Бақыт Тұрманның мәлімдемесі жұртты шошытты • «Қазақмыс» Балқашта әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға кірісті • «Бір көшеге ақша бар, қалғанына жоқ па?»: Атырауда жаңа мектеп салынды, бірақ тротуар ұмыт қалған •

    Алматы облысында «Жасыл ел» бағдарламасымен жұмыс істеген студенттер еңбекақыларын ала алмаған — Антикор

    Жұмысқа тартылған жастардың арасында оқушылар да болған.

    Алматы облысында маусымдық жұмысқа тартылған 1200  адамға жалақы төленбеген. Студенттер мен өзге де жастар жазғы демалыс кезінде мемлекеттік бағдарламамен жұмыс істеген. Алайда мемлекеттік мекемелер арқылы жұмыс істеген жастар еңбекақыларын алмаған күйі оқуға кетуге мәжбүр болған.  Жауаптылардың жастар алдындағы берешегі 150 млн теңгеге жеткен. Іске Алматы облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің араласуына тура келген, деп хабарлайды Qazaq.today.

    «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасқан 1200 адамға жалпы сомасы 150 млн теңге жалақыны алуға жәрдемдесті. Бұл мәселе туралы өңірдің жемқорлыққа қарсы еріктілері хабарлады. Аталған бағдарлама оқушы, студент және жұмыссыз жастарды маусымдық жұмысқа орналастыруды көздеп, ағымдағы жылдың 20 тамызы мен қарашасы аралығында жүзеге асырылды. Алайда, жоба аясында еңбек еткен жастарға жалақы төленбеген»,  — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

    Департамент тиісті шараларды қабылдаған соң ғана 1200 адам жаз бойы істеген еңбектерінің ақысына қол жеткізген.

    «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмысқа көгалдандыру (ағаш отырғызу, арамшөптерді тазарту, ормандарды, су қоймаларын санитарлық тазарту және т.б.) және елді мекенді абаттандыру (ауыл, қала) бағыттары бойынша жұмыстар кіреді», — делінген хабарламада.

    фото: dauletten.kz

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →