Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада 2026 жылы 25 авариялық үй тұрғындары жаңа баспанаға көшеді • Ақтауда әйелін ұрып, шашын алған ер адам ұсталды • Атырауда жас жігіт әйелдер дәретханасында аңдумен ұсталды • Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия • Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды • Алматыда халықаралық шахмат турнирі басталды: 25 млн теңге жүлде қоры • Астанада 2026 жылы 25 авариялық үй тұрғындары жаңа баспанаға көшеді • Ақтауда әйелін ұрып, шашын алған ер адам ұсталды • Атырауда жас жігіт әйелдер дәретханасында аңдумен ұсталды • Өзбекстанда кино жүйесі өзгереді: мемлекеттік тапсырыс орнына субсидия • Непалдағы Гималайда хабар-ошарсыз кеткен екі жапониялық альпинистің қаза тапқаны анықталды • Алматыда халықаралық шахмат турнирі басталды: 25 млн теңге жүлде қоры •

    Президент Еуропа Одағының Қазақстандағы елшісін қабылдады

    Мемлекет басшысы Еуропа Одағының Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускасты қабылдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

    Кездесуде Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы қарым-қатынастардың басым бағыттары қарастырылды.

    Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуропа Одағымен стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайтуға бейілділігін, сондай-ақ еліміздің бастамасымен қолға алынған С5+ЕО форматы аясындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі ілгерілетуге ниетті екенін растады.

    Президент саяси реформалардың табысты іске асырылып жатқаны туралы айтып, демократияны нығайту ісінде Қазақстанды қолдағаны үшін Еуропа Одағына ризашылығын білдірді. Кездесу барысында аса маңызды шикізат материалдары, «жасыл» экономикалық өсім, көлік, логистика және ауыл шаруашылығы салаларындағы ықпалдастыққа ерекше назар аударылды.

    Дереккөз: halyq-uni.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →