Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 23 қазан 2026 $ 448,0↓€ 503,7↓₽ 5,50↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «ҚазАвтоЖол» үш облыстағы автожолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізді • Астанада түнгі клуб жанында кіші дәрет сындырған ер адам 10 тәулікке қамалды • Қазақстан БҰҰ бас хатшысы қызметіне Лана Заки Нусейбе кандидатурасын қолдады • Алматылық дәрігерлер 679 грамм салмақпен туған шақалақты аман алып қалды • Күзгі жаңбырлы ауа райында макияжды қалай сақтауға болады: сарапшы кеңесі • Германия ғалымдары адам жасушаларының биологиялық жасын 60 жылға кері қайтарды • «ҚазАвтоЖол» үш облыстағы автожолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізді • Астанада түнгі клуб жанында кіші дәрет сындырған ер адам 10 тәулікке қамалды • Қазақстан БҰҰ бас хатшысы қызметіне Лана Заки Нусейбе кандидатурасын қолдады • Алматылық дәрігерлер 679 грамм салмақпен туған шақалақты аман алып қалды • Күзгі жаңбырлы ауа райында макияжды қалай сақтауға болады: сарапшы кеңесі • Германия ғалымдары адам жасушаларының биологиялық жасын 60 жылға кері қайтарды •

    Нью-Йорк штатында маймыл шешегінің өршуіне байланысты төтенше жағдай жарияланды

    29 шілдеде Нью-Йорк штатының губернаторы Кэти Хокул аймақта маймыл шешегінің өршуіне байланысты төтенше жағдай жариялау туралы бұйрық шығарды. Бұл туралы kaz.nur.kz тілшісі жазды, деп хабарлайды qazaq.today сайты.

    Мәлімдемеде төтенше жағдайдың енгізілуі мемлекетке аталған індетке дер кезінде ден қоюға мүмкіндік беретіні атап өтілген. Сонымен қатар медицина қызметкерлері енді Нью-Йорк тұрғындарын вакцинациялау үшін қосымша қадамдар жасай алады.

    «Нью-Йорк штатындағы маймыл шешегі туралы соңғы мәліметтерді қарап шыққаннан кейін, мен осы проблемамен күресте күш-жігерімізді жұмылдыру үшін табиғи апатқа байланысты төтенше жағдай жариялаймын», — дейді губернатор.

    Оның айтуынша, АҚШ-та маймыл шешегін жұқтыру жағдайының төрттен бірі Нью-Йорк штатына тиесілі.

    «Бұл індеттің белгілі бір тәуекел топтарына әсер етіп жатқанын мойындау өте маңызды. Сондықтан менің командам вакцинаны көбірек алу, тестілеу мүмкіндігін кеңейту және халықты індет кезінде қауіпсіздікті сақтау туралы жауапкершілікке үйрету үшін тәулік бойы жұмыс істейді», — дейді Хокул.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →