Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Челси» Дастан Сатпаевтың болашағы туралы шешім қабылдады АҚШ-та 16 баланы төрт жыл бойы үйде ұстаған отбасы ұсталды Қазақстанда 6 шілдедегі ауа райы болжамы Эрлинг Холандтың дублі: Норвегия Боазилияны жеңіп 1/4 финалға шықты Венесуэладағы жер сілкінісі: құрбандар саны 3000-ға жетті, құтқарушылар іздеуді аяқтауда «ҚазАвтоЖолдың» кезекті салғырттығы: Қарағанды мен Теміртау арасындағы тасжол неге тас қараңғы? «Челси» Дастан Сатпаевтың болашағы туралы шешім қабылдады АҚШ-та 16 баланы төрт жыл бойы үйде ұстаған отбасы ұсталды Қазақстанда 6 шілдедегі ауа райы болжамы Эрлинг Холандтың дублі: Норвегия Боазилияны жеңіп 1/4 финалға шықты Венесуэладағы жер сілкінісі: құрбандар саны 3000-ға жетті, құтқарушылар іздеуді аяқтауда «ҚазАвтоЖолдың» кезекті салғырттығы: Қарағанды мен Теміртау арасындағы тасжол неге тас қараңғы?

Балмен шай ішетін адамның қантқа басы ауырмас

«Балмен шай ішемін»: Сұлтанов қантты қанша теңгеге сатып алғанын айтты.

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ОКҚ-де өткен брифинг кезінде қантты соңғы рет қашан және қандай бағада сатып алғаны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды qazaq.today сайты KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бақыт Сұлтанов екі апта бұрын ірі сауда орталығынан 470 теңгеге қант сатып алғанын мәлімдеді. Қазір оның айтуынша, ол жерде құмшекерді 480 теңгеге сатып алуға болады.

«Мен жағдайды көріп-біліп отырмын. Жеке басыма қатысты сұрақ қойған екенсіздер – мен қантпен шай ішпеймін, балмен шай ішемін», – деп жауап берді Сұлтанов.

Бұл мәселеге Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев те пікір білдірді.

«Соңғы рет ірі сауда орталығынан бір келі қантты 620 теңгеге сатып алдым. Өз басым қантсыз шай ішемін», – деді ол.

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі Қазақстандағы қант бойынша жағдайдың қашан тұрақтанатыны туралы болжам айтқан еді.

 

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика