Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 455,3↓€ 507,3↓₽ 5,66↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Кинодағы зұлымдар неге iPhone ұстамайды? • Блогерлер Карина Оксукпаева мен Арман Юсупов Алматыдағы таунхаусын 224 миллион теңгеге сатпақ • Қарағанды академиясының курсанты кәсіпқой бокс рейтингінде үздік ондыққа енді • Талғат Орынбасар Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде қола жүлде алды • Алтын Шағаева әлем чемпионатының финалына шыға алмады • Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды • Кинодағы зұлымдар неге iPhone ұстамайды? • Блогерлер Карина Оксукпаева мен Арман Юсупов Алматыдағы таунхаусын 224 миллион теңгеге сатпақ • Қарағанды академиясының курсанты кәсіпқой бокс рейтингінде үздік ондыққа енді • Талғат Орынбасар Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде қола жүлде алды • Алтын Шағаева әлем чемпионатының финалына шыға алмады • Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды •

    Петропавлда сепаратистік пиғылдағы 4 адам ұзақ жылдарға сотталды

    Петропавлда Қазақстан тәуелсіздігін мойындамайтынын ашық айтып, өзара «Халық кеңесі» ұйымын құрған сепаратистік пиғылдағы төрт азаматқа сот үкім кесті, деп хабарлайды Qazaq.today КТК арнасына сілтеме жасап.

    Ел ішіне іріткі салушылардың жетекшісі 9 жылға, ал белсенді үш мүшесі 7 жылдан жаза арқалады. Бұл ұйымның қалған мүшелері сотқа куәгер ретінде қатысқан.

    «Біздің қолымызда мамандардардың зерттеуі, куәландыратын барлық құжаттар бар. Фактілер дәлелденді. Сарапшылардың, саясаттанушылардың кешенді сараптамасы, бұлтартпас дәлелдерін ескере отырып, сот үкім кесті», — деді Петропавл сотының судьясы Алмас Жұмағазин.

    Алауыздықты ұйымдастырушы деп танылған 48 жастағы слесарь тоғыз жылға сотталды. Ал 37, 40 және 52 жастағы үш әйелдің әрқайсысы жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Олар қауіпсіздікті ыдыратуға үгіттеу , елдің біртұтастығы мен тұтастығын ыдыратуға насихаттау баптары бойынша кінәлі деп танылды.

    Жұртшылықтың наразылығын туғызған бұл оқиға наурыз айында болған. Петропавлдың 19 тұрғыны өздерін Кеңес Одағының мұрагерлеріміз деп жариялап, «Халық кеңесі» ұйымын құрып, Қазақстан тәуелсіздігін мойындамайтынын ашық айтып, жаһанамға жар салған. Бұл әрекетін бейнетаспаға түсіріп, ғаламторға жариялаған. Көп кешікпей сепаратистік пиғылдағы олардың әрекеті тергеліп қамауға алынған болатын. Енді осы заңсыз әрекеттері үшін төрт адам жазаланды.

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →