Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 29 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шымкентте тікелей эфирде балағат сөз айтқан әйел қамалды • Қазақстанның 20 өңірінде жаңа форматтағы мектептер салынады • Астанада заңсыз онлайн-казино арқылы 188 млрд теңгеден астам қаржы айналған • Ақмола облысында көлік қаққан екінші жұмысшы ауруханада көз жұмды • 1,2 млрд теңге шығын: Ақтөбенің жерін қазып, астындағы байлығын жинап алған кәсіпкерлердің былығы анықталды • Құрылтай делегациясы Душанбедегі Орталық Азия парламентаралық форумына қатысты • Шымкентте тікелей эфирде балағат сөз айтқан әйел қамалды • Қазақстанның 20 өңірінде жаңа форматтағы мектептер салынады • Астанада заңсыз онлайн-казино арқылы 188 млрд теңгеден астам қаржы айналған • Ақмола облысында көлік қаққан екінші жұмысшы ауруханада көз жұмды • 1,2 млрд теңге шығын: Ақтөбенің жерін қазып, астындағы байлығын жинап алған кәсіпкерлердің былығы анықталды • Құрылтай делегациясы Душанбедегі Орталық Азия парламентаралық форумына қатысты •

    Қонаев қаласында мемлекеттің жарты млрд теңгесін ұтқан компания жұмысты шала тастаған

    Алматы облысында мемлекеттің жарты миллиардқа жуық қаржысын тендерден ұтып алған компания жұмысты шала тастап кеткен. Қонаев қаласының ортасы қазылған орға толып қалған. Тұрғындардың шағымы көбейсе де, жұмыстың аяқталар түрі көрінбейді, деп хабарлайды  Qazaq.today ақпараттық агенттігі. 

    Ал жауапсыз компанияға сөзін өткізе алмаған әкімдік енді сотқа жүгінбек. Жұмыстың басталғанына бір жылдан асқанымен, небәрі 7 шақырым құбырдың жартысы ғана тартылған.

    «Былтыр қазан айында Қонаев қаласындағы Гүлдер, Қарлығаш шағынаудандарында «Сумен жабдықтау және су бұру желілерін қайта жаңарту» жұмыстары басталды. Оған бюджеттен 481 645,8 мың теңге қаржы қарастырылған. Аталған жұмыс бойынша 17,8 шақырым су құбыры, 7,13 шақырым кәріз құбыры тартылуы керек», — деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

    Құрылыс-монтаждау жұмыстарымен «Шах» ЖШС айналысып жатыр. Қазіргі таңда су құбырын тарту толық аяқталған. Алайда кәріз құбыры бойынша жұмыстың тек тең жартысы ғана аяқталған. Қаланың ортасы ой-шұқыр, қазылған қалпы қалған.

    «Мердігер ұйым белгілі бір себептерге байланысты уақытша жұмысты тоқтатқан. Бұған дейін қалалық әкімдіктің ТҮКШ бөлімі компанияның үстінен 2 рет талап арыз жазған. Егер келісімшартта көзделген уақытта серіктестік істі аяқтамаса, ТҮКШ бөлімі сотқа жүгінбек. Бұл шешім тұрғындардың толассыз шағымынан кейін шығарылды. Сондай-ақ мердігердің жұмысы әкімдіктің бақылауына алындыә, — деді Алматы облысының әкімді

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →