Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 1 қыркүйек 2026 $ 461,6 535,6 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Алматыда 10 айда өнеркәсіп өндірісі 18,9%-ға өсті

    2023 жылдың қаңтар-қазан аралығында Алматы қаласының қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 13,1%-ға өсті. Бұл туралы Алматының Экономика басқармасы хабарлады.

    Өнеркәсіптік өндіріс саласында 1639,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 18,9%-ға өсті. Өңдеу өнеркәсібі 18,6%-ға өсті. Құрылыс саласындағы көрсеткіштердің 1,9%-ға өсуі байқалады, жыл басынан бері 1860,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 19,9%-ға өсті.

    «Сауда 14,5%-ға, оның ішінде бөлшек сауда 7,1%-ға және көтерме сауда 17,2%-ға өсті. Байланыс қызметтері 3,1%-ға өсті. Сыртқы сауда айналымы (ЕАЭО елдерінсіз) 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында 29,9% өсіп, 18,6 млрд. АҚШ доллары болды. Экспорт 21,8% өсіп, 3,4 млрд. АҚШ долларын, импорт 31,8%-ға артып, 15,2 млрд. АҚШ долларына жетті», — делінген Басқарманың хабарламасында. 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →