Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 5 қазан 2026 $ 448,9↑€ 505,4↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Пара алған Қазалы сотының төрағасы 9 жылға сотталды • «Қазақмыс» Жезқазған фабрикасының инфрақұрылымын жаңартуға 218,6 млн теңге бөлді • Соғым деп сан соқтырған: Астанада жылқы етін сатушы алаяқ сотталды • «Ұшақ ішінде 45 минут отырдық»: шымкенттік жолаушы FlyArystan-ды сотқа берді • Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаздар үйлеріне оралды • Мемлекет басшысы қауіпсіздік салалары бойынша бірқатар жаңа тағайындау жасады • Пара алған Қазалы сотының төрағасы 9 жылға сотталды • «Қазақмыс» Жезқазған фабрикасының инфрақұрылымын жаңартуға 218,6 млн теңге бөлді • Соғым деп сан соқтырған: Астанада жылқы етін сатушы алаяқ сотталды • «Ұшақ ішінде 45 минут отырдық»: шымкенттік жолаушы FlyArystan-ды сотқа берді • Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаздар үйлеріне оралды • Мемлекет басшысы қауіпсіздік салалары бойынша бірқатар жаңа тағайындау жасады •

    Алматы қаласы ТЖ департаментінің бөлімшелерінде саптық байқау өтті

    Құтқарушылар дәстүрі, Алматы қаласының ТЖД-де қысқы киім үлгісіне ауысуына орайластырылған саптық байқау салтанатты түрде өткізілді, деп хабарлайды Qazaq.today. 

    ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің бұйрығына сәйкес Алматы қаласы ТЖ департаментінің бөлімшелерінде қысқы киім үлгісіне ауысу шеңберінде саптық байқау өтті.

    Жаңадан келген жас буынды гарнизонның салт-дәстүрлері мен қызметіне таныстыру мақсатында ағымдағы жылы іс-шараны ұйымдастыруға мұқият және ерекше жауапкершілікпен дайындалды.

    Мемлекеттік туды көтеру және мемлекеттік әнұранды орындау рәсімінен кейін жауынгерлік туды алып шығуға арналған команда шырқалды, ол гарнизонның үрмелі оркестрдің сүйемелдеуімен салтанатты түрде шығарылды.

    Ту тобының қатарға тұрғаннан кейін «қорап» түрінде құрылған жеке құрам қатарға бөлініп, саптық байқау басталды.

    Алматы қ. ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев, жауапты қызметкерлер нысанды киім кию ережелерінің сәйкестігін, погондарды, эмблемаларды, шеврондарды, ведомстволық белгілерін, қызметтік куәліктерді, жеке нөмірлерді дәлдігі мен ережелерге сәйкестігі тексерілді.

    Іс-шараның жалғасы ретінде Нұрлан Атығаев жеке құрамға сөз сөйледі. Ол құтқарушыларға қызметті тиімді атқаруды тілеп, сондай-ақ жеке құрамның қыс мезгіліне арналған іс-қимылдарға дайындығын атап өтті.

    «Сіздер бірінші кезекте өз сыртқы келбеттеріңізге, саптық түзеуіңізге назар аударуыңыз керек, өйткені сіз бағынысты бөлімшелердің жеке құрамы үшін үлгі болып табыласыз. Саптық мәдениетті арттыру тәртіп және оны нығайтуға ықпал етеді», — деп атап өтті ТЖД басшысы.

    Саптық байқау барлық жеке құрамның үрмелі оркестрінің үнімен салтанатты шерумен аяқталды.

    Іс шараның соңында Нұрлан Атығаев өрт сөндіруші –құтқарушылармен кездесіп, әңгіме жүргізіп, өрт сөндіру депосын қарап, 19-ӨСБ бастығы Асқар Жаманқұловтың баяндамасын тыңдады.

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →