Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 5 қазан 2026 $ 448,9↑€ 505,4↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Элиталық тұрақсыздық болды»: сарапшы Тоқаевтың билікті тұрақтандыру үшін төрт жыл жұмсағанын айтты (ВИДЕО) • Түркістан облысын сел басты: Қазығұрттағы ауылдар су астында қалды • «Балық қырылып болған соң ғана қимылдады ма?»: Ырғыздағы жағдайға тұрғындар алаңдап отыр • Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған халықаралық бәйгенің жеңімпаздары анықталды • IT Aiel және Aqyl Tech жобалары аясында 33 мыңнан астам адам білім алған • «Одан кішірейіп кетпейсің»: Әли Оқапов қайын жұртында үлкендерге қызмет көрсетті (ВИДЕО) • «Элиталық тұрақсыздық болды»: сарапшы Тоқаевтың билікті тұрақтандыру үшін төрт жыл жұмсағанын айтты (ВИДЕО) • Түркістан облысын сел басты: Қазығұрттағы ауылдар су астында қалды • «Балық қырылып болған соң ғана қимылдады ма?»: Ырғыздағы жағдайға тұрғындар алаңдап отыр • Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған халықаралық бәйгенің жеңімпаздары анықталды • IT Aiel және Aqyl Tech жобалары аясында 33 мыңнан астам адам білім алған • «Одан кішірейіп кетпейсің»: Әли Оқапов қайын жұртында үлкендерге қызмет көрсетті (ВИДЕО) •

    Франция президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға келді

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордадағы Франция президенті Эмманюэль Макронмен кеңейтілген құрамдағы кездесуінде екіжақты байланыстардың басым бағыттарын атады, деп хабарлайды Qazaq.today Kazinform-ға сілтеме жасап. 

    «Бүгінгі кездеу екі ел арасындағы түрлі салалардағы ынтымақтастықты жаңа белеске көтереді. Мен бұған кәміл сенемін. Франция – Қазақстанның Еуропадағы өте маңызды әрі сенімді серіктесі. Былтыр өзара тауар айналымы 30 пайызға өсіп, 4 млрд долларға жетті. Биыл сегіз ай ішінде екіжақты сауда-саттық көлемі былтырғымен салыстырғанда 21 пайызға артты. Яғни, 2,7 млрд долларға жетті», — деді Қазақстан басшысы.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Франция осыған дейін Қазақстанға 18,7 млрд долларға жуық инвестиция салғанын атап өтті.

    «Бірлескен жобалар энергетика, бейбіт атом, тау-кен-химия өнеркәсібі, машинажасау, құрылыс заттарын өндіру, аэроғарыш, фармацевтика және басқа да салаларды қамтиды. Бұдан бөлек тағы бірқатар маңызды жобалар қолға алынбақ. Бұл жобалар бүгін өтетін қазақ-француз бизнес форумында жан-жақты талқыланады», — деді Қазақстан Президенті.

    Сондай-ақ, Мемлекет басшысы екі елдің мәдени-гуманитарлық байланыстары жандана түскенін еске салды.

    «Макрон мырза, осының бәрі сіздің жеке қолдауыңыздың арқасында жүзеге асып жатыр. Мен сіздің өзара қарым-қатынасты дамытуға қосып отырған өлшеусіз үлесіңізді жоғары бағалаймын. Сондай-ақ, екі елдің ынтымақтастығын жаңа белеске көтеру үшін бар күш-жігерімді салып, өзіңізбен бірге жұмыс істеуге дайын екенімді тағы да атап өткім келеді», — деді Қ.Тоқаев.

    Айта кетсек, Франция Президенті Эмманюэль Макрон ресми сапармен Қазақстанға келді.

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →