Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 5 қазан 2026 $ 448,9↑€ 505,4↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Астана – Қарағанды тасжолындағы жол апаты: бір адам зардап шекті

    Астана – Қарағанды тасжолындағы жол апаты: бір адам зардап шекті

    Фото: Halyqstan

    Ақмола облысында Астана – Қарағанды тасжолында жүк көлігі мен асфальт тығыздағыш соқтығысып, ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді. Апат салдарынан жол жұмысын жүргізіп жатқан арнайы техника жүргізушісі ауыр дене жарақатын алып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Оқиға Астана – Қарағанды автожолының Анар станциясы маңындағы бөлігінде болған. Кәсіби техникалардың соқтығысуы салдарынан жол жұмысшысы ауыр соққы алды.

    Оқиға куәгерлерінің айтуынша, екпінмен келген жүк көлігі асфальт тығыздағышты үстінен таптап өте жаздаған.

    Жарақат алған ер адам шұғыл түрде Аршалы аудандық ауруханасына жеткізілді. Оның алған дене жарақаттарының ауырлық дәрежесі туралы ресми ақпарат әлі жарияланған жоқ.

    Ақмола облыстық Полиция департаменті ЖКО фактісін растап, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігі (Жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс тіркеді. Оқиғаның барлық мән-жайын тергеу амалдары анықтайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →