Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 29 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қай жаттығу қандай эмоцияға көмектеседі: маман кеңесі • Алматы облысында қойма өрті: құтқарушылар 5 газ баллонын алып шықты • «Қайрат» U19 УЕФА Жастар лигасында МТК-ны 3:1 есебімен жеңді • Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қаққан: қаза тапқандар саны екіге жетті • Петропавлда футбол манежінің шатырынан құлаған 24 жастағы жұмысшы қаза тапты • Нилуфар Раимова әлем чемпионатында бесінші орынмен қанағаттанды • Қай жаттығу қандай эмоцияға көмектеседі: маман кеңесі • Алматы облысында қойма өрті: құтқарушылар 5 газ баллонын алып шықты • «Қайрат» U19 УЕФА Жастар лигасында МТК-ны 3:1 есебімен жеңді • Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қаққан: қаза тапқандар саны екіге жетті • Петропавлда футбол манежінің шатырынан құлаған 24 жастағы жұмысшы қаза тапты • Нилуфар Раимова әлем чемпионатында бесінші орынмен қанағаттанды •

    «Бірінші рет кездескен»: Алматыда кездесуге барған қызды жігіт өлтіріп кетті

    Алматыда ер адам бойжеткенді кафеге шақырған соң өлтіріп кетті. Оқиға 16 қазанда болды. Қайтыс болған қыздың туыстары полиция қылмыстық істі «кісі өлтіру» бабынан «абайсызда кісі өлтіру» бабына ауыстырып жібере ме деп күдіктенеді. Бұл туралы angry_taldyk инстаграм парақшасында жария болды, деп хабарлайды Qazaq.today

    «Қыздың аты-жөні Айнагүл Кенжебаева . 16 қазанның кешінде бір оңбағанның қолынан қаза тапты. Алматының кафесінде ер адаммен танысу оның соңғы күні болады деп кім ойлаған. Олар әуелі жай ғана сөйлесіп отырған. Кейін жігіт өз-өзін қолға ұстауды қойып, қызға тиісе бастайды. Айнагүл жігітті сабырға шақыруға тырысқанмен, жанжалдың алдын-алу мүмкін болмады. Қыз 102-ге хабарласып үлгерген»,- делінген хабарламада.

    Кафеде демалып отырған жұрт ер адамның қызды ғимараттан қалай алып шыққанын көрген, бірақ ешкім ара түспеген. 20 минуттан кейін оқиға орнына жеткен полиция қыздың мәйітін тапқан.
    Күдікті адам өлтіргісі келмегенін, тек қызды итеріп жібергенін айтқан. Жігіттің туыстары қыздың ата-анасынан кешірім сұрап келген.

    «Кешірім сұрады, отбасындағы жалғыз ұл екенін айтты. Біз кешірмейміз. Біз қызымыздан айырылдық, қылмысына жауап берсін» дейді Айнагүлдің жақындары.

    Қаза болған қыздың туыстары Түрксіб полиция бөлімшесі қылмыстық істі «кісі өлтіру» бабынан «абайсызда кісі өлтіру» бабына өзгертіп жібере ме деп күмәнданады. «Өйткені жалғыз ұлын түрмеге түсірмеу үшін қолынан келгенінінің бәрін істейді» дейді олар.

    Жақындарының айтуынша, Айнагүл еңбекқор қыз болған. Фармацептикалық компанияның директоры қызметіне дейін көтерілген. Енді ғана еңбегінің жемісін жейтін уақытта қыршынынан қиылды.

    Қайғыдан қан жұтқан марқұмның ата-анасы кеше баласын жер қойнына тапсырды. Олар тек істің әділетті шешілгенін қалайды.

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →