Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 465,3 536,2 5,61
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақмола облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты Ауыр атлет Ақжол Құрманбек Азия чемпионы атанды Оқ басы мен кеудесіне тиген: Қостанай тұрғыны бұрынғы әйелін атып өлтірді ПСЖ УЕФА Суперкубогын жеңіп алды — «Астон Вилла» 2:1 есебімен ұтылды Астанада баланың үстіне қақпа құлады: полиция қылмыстық іс қозғады АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Қазақстанға инвестиция мәселесін талқылау үшін келді Ақмола облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты Ауыр атлет Ақжол Құрманбек Азия чемпионы атанды Оқ басы мен кеудесіне тиген: Қостанай тұрғыны бұрынғы әйелін атып өлтірді ПСЖ УЕФА Суперкубогын жеңіп алды — «Астон Вилла» 2:1 есебімен ұтылды Астанада баланың үстіне қақпа құлады: полиция қылмыстық іс қозғады АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Қазақстанға инвестиция мәселесін талқылау үшін келді

    Қонаев қаласындағы қарттар үйінде 71 жастағы қария тірідей жанып кетті

    Қонаев қаласындағы қарттар үйінде 71 жастағы қария тірідей жанып кеткен. Мүгедектігі бар марқұмды ондағы қызметкерлер өртеніп жатқан кезде бір-ақ көрген. Денесінің 80 пайызын күйік шалған ақсақал ақыры ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

    «Қарттар үйіндегі қариялардың қатары азайып бара жатыр» деген қызмет алушылар оқиғаны толық білмейміз деп бас шайқайды. Бір білетіні, бөлмесінде бақилық болыпты деп топшылады. Әркім өзі жеке тұратындықтан, өртенгенін көрмеген.

    «Тұрғанда естідім, бір кісі қайтыс болып кетіпті деп. Көзі дұрыс көрмейді», – деді қарттар үйінің тұрғыны Қабыр Мұхамеджан.

    Ал «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері көрсеткен бөлме өрт болған жерге аса ұқсай қоймайды.

    «Бөлмесінде темекі тартқан, содан өрт шыққан. Сол жақ бетінен бастап өртенген. Өрт сағат 21:00-де шыққан», – деді шаруабике Роза Жамансарина.

    «Төрт қызметкердің екеуі — күтуші. Олар 59 адамның таңертеңнен бастап памперсін ауыстырады. Екі мейірбике қызмет алушылардың денсаулықтарына жауап береді. Ол кісі мазасыз темекі шегеді, ал бізде темекі шегуге тыйым салынған», – деді аға мейірбике Жанар Байсалбаева.

    Ал Қонаев қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы мекемені тексерісіп, талапқа сай келмейтін тұстарын көрсеткен. Алайда қарттар үйінің басшысы еш шара қолданбаған.

    « Аталған мекеме 2023 жылы 28 тамызда арнайы уақытында қызмет көрсететін келісімшартты көрсетпеді. Заң бұзылды, оны жою үшін екі ай уақыт берілген. Қазір 15 пункт бойынша ереже бұзу анықталды. Бөлмелер автоматты сигнализациямен жабдықталмаған», – деді Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары Данияр Шындаулетов.

    Ал дәрігерлер қарияның өте ауыр жағдайда ауруханаға түскенін айтып отыр. Өлім ауызында жатқан қызмет алушының алған жарақаты ауыр болған соң бірден жансақтау бөліміне жатқызған.

    «Денесі 75-77 пайыз күйіп кеткен. Ал күйік тереңдігі 2-3 АБ боп есептеледі», – деді қалалық көпбейінді аурухананың травматолог дәрігері Шерзод Нуруллаев.

    Ал облыстық прокуратура қызметкерлері іске қатысты қылмыстық іс қозғалып, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу фактісі бойынша тергеліп жатқанын хабарлап отыр.

    Айта кетейік, дәл осы қарттар үйінде 2023 жылдың 13 наурызында тағы бір қария асылып өлген еді.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →